• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Израильде шахматтан әлем чемпионаты өтеді

    Қараша айында Израильде шахматтан командалық әлем чемпионат басталады.

    Бұл туралы Халықаралық шахмат федерациясы хабарлады.

    Чемпионат 19 – 26 қараша аралығында болады.

    Бірінші кезеңде 12 команда екі топқа бөлініп, дөңгелек жүйеде ойнайды. Әрбір партияға 45 минуттан беріледі. Бүл күніне екі ойыннан өткізуге мүмкіндік береді.

    Келесі кезеңге көп ұпай жинаған төрт құрама шығады. Турнирдің төртінші күні үзіліс жарияланады, содан кейін командалар Швейцария жүйесі бойынша ойнайды. Соңғы күні финалдық және 3-4 орын үшін матчтар өтеді.

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *