• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақтың жас теннисшілері әлемдегі үздіктер қатарына кірді

    Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 және одан кіші жастағылар арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

    Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Аружан Сағындықова 77-орынға шықты. Ал Сандуғаш Кенжебаева 79-орыннан 78-орынға көтерілді. Осы екі теннисшіміз әлемдегі үздік 100 ойыншының қатарына кірді.

    Бұдан басқа Жанель Рүстемова 147-орынға жайғасты. Дана Байдәулет 167-орынға орналасты. Ол бірден 49 сатыны артқа тастады. Сонымен бірге Еркежан Арыстанбекова 193-ші, Айя Нұпбай 211-сатыға көтерілді. Ол 258-орында болатын. Бір аптаның ішінде Асылжан Арыстанбекова (+10, 213-ракетка) мен Іңкәр Дүйсебай (+33, 459-ракетка) да өз көрсеткіштерін жақсартты.

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *