• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан боксшылары Германиядан олжалы оралды

    Германияның Кельн қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир аяқталды. Әлем кубогы деген атау алып, биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған бәсекеде Қазақстан құрамасы сапындағы Талғат Сырымбетов (60 кг) пен Наталья Богданова (66 кг) чемпион атанды.

    Ал Армат Арманұлы (71 кг), Сания Сұлтанқызы (57 кг), Назым Ишанова финалда қарсыластарынан жеңіліп, күміс жүллені қанағат тұтты.

    Ал Кенже Мұратұлы (51 кг), Диас Молжігітов (75 кг), И.Аширов (75 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг), Нұрлан Сапарбай (+ 92 кг), әйелдерден Анель Сақыш (54), Надежда Рябец (66 кг) пен Анастасия Баязитова қола жүлдеге ие болды.

    Әйелдер арасында Наталья Богданова үздік боксшы атанды.

    Турнирге бір апта бойы Австрия, Австралия, Бельгия, Германия, Куба, Моңғолия, Франция, Қазақстан, Украина, Дания мен Микронезияның былғары қолғап шеберлері (90 ер адам, 37 әйел) қатысып, күш сынасты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *