• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Иранда футболшы Әли Даеи өлім жазасына кесілді

    Иран өкіметі футболдан елдің ұлттық құрама командасының бұрынғы шабуылшысы Әли Даеиді өлім жазасына кесті.

    Кезінде Иран құрамасы мен Еуропаның бірнеше  атақты клубтарының ойнаған футболшы қыркүйек айының басында қаза тапқан 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты наразылық акцияларына қатысқан.

    Ол Иран үкіметін қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық және қамауға алуды жалғастырудың орнына Иран халқының мәселелерін шешуге шақырған. Осы жазбасы Instagram желісінде жарияланғаннан кейін оның төлқұжаты тәркіленген көрінеді.

    Ал 14 қарашада Әли Даеи Instagram-дағы парақшасына ФИФА-ның Катарға әлем чемпионатына шақырудан бас тартқанын жазған болатын.

    Осындай қиын сәтте отаныммен бірге боламын, — деген ол.

    Криштиану Роналду оның рекордын жаңартқанға дейін Даеи ұлттық құрама тарихындағы ең үздік бомбардир болды. Ирандық шабуылшы ұлттық құрама сапында 149 матч өткізіп, 109 гол соққан.

    Ол Еуропада «Бавария», «Герта Берлин» және «Арминия» секілді командалардың сапында ойнаған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *