• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ӘЧ-2022: Бразилиялық футболшы супер гол салды

    Бүгін футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында бразиялық футболшы Ришарлисон дубльдің авторы атанды. Ол Сербия құрамасының қақпасына екінші голын аяқтарын қайшылап тұрып салды.

    Бұл кездесуде Бразилия құрамасы G тобындағы қарсыласы Сербия командасын 2:0 есебімен жеңді. Бразилия бірінші таймда есеп аша алмады. Оған мүмкіндігі бола қойған жоқ. Ал сербтер шабуылға көп бармай, қорғаныста ойнады.

    Үзілістен кейін Бразилия құрамасы жиі шабуылдап, қарсыластардың қақпасына 17 рет соққы жасады. Сербтерді екі рет қақпа бағанасы құтқарып қалды. Сондай шабуылдың 62-минутында Ришарлисон есеп ашты. Бразилиялықтардың голынан кейін сербиялықтар шабуылды жиілетті. Алайда Ришарлисон 73-минутта аяқтарын қайшылап тұрып гол салып, командасына жеңіс сыйлады. Оның голы әзірше әлем чемпионатындағы ең әдемі гол болып тұр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *