Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Иран құрамасының жанкүйерлері бір-бірімен төбелесіп қалды. Олар бүгін түнде АҚШ командасынан жеңілген соң, бір-біріне жұдырық ала жүгірген.
БАҚ-та, әлеуметтік желіде төбелестің неден шыққаны туралы көп нәрсе айтылып жатқан жоқ. Telegram-дағы «Первый спорт» арнасының хабарлауынша, парсылар бір-бірін жеңіліске кінәлап, төбелескен жоқ. Олар ойыннан кейін өкіметті жақтаушылар мен Ирандағы билігіне қарсылар болып бөлініп, төбелескен. Иран билігін жақтаушылар наразы топты стадион аумағынан қуған көрінеді.
Иран мен АҚШ-тың ойыны 0:1 есебімен аяқталды. Осыдан кейін парсы елі әлем чемпионатымен қош айтысты. Ал америкалықтар плей-оффқа жолдама алды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА