• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Иранда белгісіз адам 27 жастағы футбол жанкүйерін атып кетті

    Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Иран мен АҚШ (0:1) құрама командаларының кездесуінен кейін Иранның Энзели қаласында сақшылар 27 жастағы  Мехран Самакты деген жанкүйерді атып кеткен. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

    Иран құрамасы Қатардағы әлем чемпионатында топтан шыға алмайтын жағдайға жеткен соң Самак көлігінің сигналын қосып жүрген. Осыны сылтауратқан белгісіз адам жанкүйерді басынан атып кеткен.

    Иран футболшылары мундиальда өткізген үш кездесуде 3 ұпаймен үшінші орыннан әрі аса алмады. Ал В тобында Англия мен АҚШ турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Енді 3 желтоқсанда АҚШ пен Нидерланды, Англия мен Сенегал командалары кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *