• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тұңғыш әлем чемпионы елге қола жүлде де әкеле жатыр

    Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев алтын жүлдемен қоса қола медаль жеңіп алды.

    Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, Эльмира Әлиева жаттықтыратын 15 жасар спортшы мысырлық Хана Годамен аралас жұпта әлем чемпионы атанса, жекелей сында үздік үштікке ілікті.

    Жекелей сында 15 жастағы жасөспірімдер арасында франциялық Флавиен Котон топ жарса, жапониялық Ёшияма Казуки екінші орынға ие болды. Алан Құрманғалиев тағы бір жапониялық Танимото Такумимен бірге үшінші сатыға көтерілді.

    «Туниске барар алдында біз Аланмен бірге екі медаль алуды мақсат еткен едік. Соны орындадық. Жаттығу залында көп еңбектендік. «WTT Contender» турнирлеріне қатысып, тәжірибе жинақтадық. Халықаралық рейтингідегі орнымызды жақсарттық. Міне, соның нәтижесінде елге қос медальмен оралып келе жатырмыз. Жан-жақты қолдағаны үшін Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазинге, Қарағанды облыстық федерациясының төрағасы Жеңіс Қасымбекке алғысымды білдіремін», — деді Аланның бапкері Эльмира Әлиева.

    Бұдан бұрын Алан Құрманғалиевтің үстел теннисіне алғаш рет әлем чемпионы атанып, оны президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтағанын хабарлағанбыз.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *