• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    8 жасар қазақ баласы шахматтан Латвияның экс-министрін жеңді

    Алматыда өтіп жатқан блиц және рапид бойынша әлем чемпионатының аясында 8 жасар шахматшы Кәрім Айтжан Латвияның экс-министрі, гроссмейстер Дана Рейзнице-Озоланы жеңді.

    Әлем чемпионаты кезінде латвиялық шахматшы Алматы және Астана академияларының 24 студентімен ойнаған. Оның 8 жастағы отандасымызбен ойыны ең ұзаққа созылған ойынның бірі болған. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады.

    Астаналық шахмат мектебінің оқушысы 8 жастағы Кәрім Айтжанның тақтасында гроссмейстер Дана Рейзнице-Озола әдеттегіден ұзағырақ тұрып, жүрістері туралы ұзақ ойланды. Нәтижесінде блиц бойынша Азияның күміс жүлдегері Кәрім Айтжан гроссмейстермен өткен ойында жеңіске жетті, –  делінген хабарламада.

    Кәрім Айтжанның өзі де жеңісі туралы айтты.

    Жеңгеніме сенбедім. Гроссмейстермен ойнаудың артықшылығын көрдім. Тіпті тепе-тең де ойнадық. Бірақ кейін мен ойынның бағытын өзгерте бастадым. Әрине, бұл оңай болған жоқ. Гроссмейстермен ойнау қиын, – деді жас шахматшы.

    Гроссмейстер Рейзнице-Озола – ФИДЕ басқарушы директоры. Бұрын ол Латвияның экономика және қаржы министрліктерін басқарған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *