• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Динара Сәдуақасова – жылдам шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

    Бүгін Динара Сәдуақасова Алматыда шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол шахматтың рапид түрінен екінші орынға ие болды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

    Динара Сәдуақасова мен қытайлық Тань Чжунъи 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, тай-брейкте ойнады. Шешуші кездесуде Тань Чжунъидің мерейі үстемі түсті. Ал қола жүлде үндістандық Савита Шриге бұйырды.

    «Алғашқы жарыс күнінен кейін Динара 4 тең ойынмен турнир кестесінің ортасында келе жатқан. Алайда бүгін қарқынына-қарқын қосып, 6 ойында қатарынан жеңіске жетті.

    Қалған қазақстандық шахматшылардан Жансая Әбдімәлік бесінші, Алуа Нұрманова – 23-ші, Әмина Қайырбекова – 26-шы, Бибісара Асаубаева 29-орынға табан тіреді. Сондай-ақ алғашқы күні мамандарды таңғалдырған жас шахматшымыз Зейнеп Сұлтанбек 31-ші, Зарина Нұрғалиева 35-ші сатыға тұрақтады», — делінген хабарламада.

    Былтырғы Польшаның астанасы Варшавада өткен әлем чемпионатында 18 жастағы отандасымыз Бибісара Асаубаева дәл осы рапид шахматтан күміс жүлдеге ие болған.

    Әлем чемпионаты 30 желтоқсанда аяқталады. Барлық нәтижені Worldrapidandblitz2022.fide сайтынан көре аласыздар.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *