• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ресейлік әлем чемпионы жарысқа қатысу үшін өз елінен бас тартты

    110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден 2015 жылғы әлем чемпионы Сергей Шубенков бейтарап спортшы міртебесін алуға ниетті екенін айтты.

    Қазір  ресейлік спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына тыйым салынған. Ал әлемдік додаларға қатысу үшін басқа елдің азаматтығын алу керек. Жарысқа қатысудың тағы бір жолы — бейтарап спортшы атану керек. Сонда ғана спортшы дүрмекті додаларға қатыса алады. Ресейлік спортшы да жарыстарға қатысу үшін бейтарап спортшы атағын алуды мақсат етіп отыр.

    Бейтарап спортшы статусын алу үшін өткен жолы өтінім беріп қойғанмын. Әлі қарастырған жоқ. Енді осы мәселемен айналысатын боламын. Егер өтінімнің уақыты өтіп кетсе, жаңадан рәсімдеймін, — деді Шубенков.
    World Athletics бейтарап спортшылардың өтінімін қабылдау үшін ресейлік допинг агенттігі мен жеңіл атлетика федерациясынан ресми хат сұратады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *