• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Универсиадада Қазақстан хоккейшілері Ұлыбританияны ойсырата ұтты

    Хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы АҚШ+тың Лейк-Плэсиде қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Ұлыбритания командасымен кездесіп, 15:1 есебімен жеңіске жетті.

    Матчта бірінші болып Батырлан Мұратов есеп ашты. Одан кейін Ұлыбританияның хоккейшісі Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Есеп теңескен соң, Қазақстан құрамасы бірінші  үзіліске дейін 5 шайба салып алға шықты. Мұнда Батырлан Мұратов дубль жасаса, Максим Мұхаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко мен Артем Королев қақпаны дәл көздеді.

    Екінші кезеңде отандастарымыз қарсылас қақпасына тағы жеті шайба салып, есепті 13:1-ге жеткізді. Данил Бутенко, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов (хет-трик), Руслан Демин, Әли Қасенов, Кирилл Полохов пен Гавриленко (дубль) шайбаның авторы атанды.

    Үшінші кезеңде Полохов матчтағы екінші шайбасын соқса, Максим Мұхаметов қойып, есепті 15:1-ге жеткізді.

    Бұған дейін отандастарымыз Оңтүстік Кореяны 5:1, Венгрия командасын 9:1 есебімен жеңген болатын. Енді Қазақстан өз тобында Словакия және АҚШ құрамаларымен ойнайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *