• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

    Биатлоншы Вадим Куралес АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың чемпионы атанды.

    Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды.

    Жарыс жолына 16-болып шыққан Вадим нысана көздеуден бір ғана рет (0+1+0+0) мүлт кетіп, 42:37.4 минут нәтиже көрсетті.

    Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг отандасымыздан 42,6 секундқа қалып қойып, екінші орынға ие болды. Франциялық Аксель Гарнье (+1:16.5) үздік үштікті түйіндеді.

    Сондай-ақ Александр Мухин, Кирилл Бауэр мен Бекентай Тұрлыбеков осы қашықтықта сынға түскенімен, олар жүлдеге іліге алмады.

    Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде – алтын медаль түсті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *