Алматы қаласында IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды.
Төрт жылда бір өтетін кешенді жарыстың шымылдығын шаңғымен тұғырдан секірушілер мен керлингшілер ашты. «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде 4 өңір – Алматы қаласы, ШҚО, Жетісу және Алматы облысының жас спортшылары 5 жас санатында жарысқа қатысып жатыр. Бүгін өрендер К-20, К-40 және К-60 тұғырынан секіріп, үздіктерді анықтады.
К-20 (20 метр биіктен), ұлдар:
Ибраһим Абайдулаев (Алматы қаласы);
Иван Ушаков (ШҚО);
Семён Вервейкин (Алматы қаласы);
Қыздар:
Айша Марат (Алматы қаласы);
Анна Гайкалова (Алматы қаласы);
Полина Шевцова (Алматы қаласы);
К-40 (40 метр тұғырдан), ұлдар:
Керейхан Қабдулла (Алматы қаласы);
Александр Филоненко (Алматы қаласы);
Яромир Гилёв (Алматы қаласы);
Қыздар:
Агата Васильева (Алматы қаласы);
Анастасия Горунова (Алматы қаласы);
Таисия Шишкина (Алматы қаласы);
К-60 (60 метр биіктен), ұлдар:
Илья Мизерных (Алматы қаласы);
Данил Каменкин (Алматы қаласы);
Артем Мешков (Алматы қаласы);
Қыздар:
Софья Шишкина (Алматы қаласы);
Алёна Свериденко (ШҚО);
Виктория Рулёва (ШҚО);
Енді жасөспірімдер К-90 тұғырындағы жекелей және командалық сайыспен жарысты аяқтайды.
Ал керлинг Астана мен Алматы және 8 облыстан келген 300 жас спортшының басын қосты. Олар 10 күн бойы екі топқа бөлініп, жекелей және командалық сайыста сынға түседі. Бүгін 1-турдың ойындары болды.
Биылғы кешенді жарыс кезінде 11 спорт түрінен үздіктер анықталмақ. Олар: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул және фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру.
Жарыстан соң әр спорт түрінен еліміздің жастар құрама командалары жасақталып, алдағы халықаралық ресми жарыстар мен турнирлерге, оның ішінде 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына баратын спортшылар анықталады. Сондай-ақ, 2026 жылы Италияның Милан қаласында өтетін Олимпия ойындарына дайындалатын спортшылар іріктеледі.
Ережеге енгізілген спорт түрлері бойынша Жастар ойындарының жарыстары шайбалы хоккей мен керлингті қоспағанда, Қазақстан чемпионаты шеңберінде өтеді.
Ойындардың салтанатты ашылуы 23 ақпанда Павлодар қаласында сағат 14.00-де, ал жабылу рәсімі 8 сәуір, сағат 14.00-де Астана қаласында болады.
Шамкен БАЙЫРБЕК,
АЛМАТЫ
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы