• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Маңғыстаулықтар – кёрлинг жеңімпазы

    Қысқы спорт түрі кёрлингтен XXIII республикалық чемпионатта аралас командалар арасынан маңғыстаулықтар бірінші орынды жеңіп алды.

    Финалға Алматы мен Астана қалаларының және Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының командалары, сондай-ақ есту қабілеті төмен ойыншылар командасы мен мүгедектер арбасын пайдаланушылар командасы да қатысты.

    Сайыс қорытындысында маңғыстаулықтар жеңімпаз атанды.

    Екінші орын Астана қаласына бұйырып, үшінші орынға Қостанай облысы ие болды.

    Одан кейінгі орындарды Шығыс Қазақстан облыснының өкілдері, Құлағының мүкісі бар ойыншылар командасы, Қоларбалы ойыншылар командасы, Алматы облысы, Алматы қаласы мен Жамбыл облысының жасақтары иеленді.

    Қазақстан кёрлинг федерациясы жеңімпаздарды дипломдармен және медальдармен марапаттады.

    Жеңіске жетіп, мерейі үстем болған жерлестерімізді қызу құттықтап, аты-жөндерін құрметпен жариялаймыз. Олар — Омар Тавасиев, Максим Рябцев, Ұлмекен Жұбандық, Маруа Шаникова, Айдана Ізтұрғанова, Асим Бисен, Алтын Бисен, Таңшолпан Жұбандық, Жаңылсын Жұбандық, Бағдат Аққазанов, Иван Коваленко, Мадина Жұбандық, Еркін Өтебаев, Вадим Барышников, Андрей Семенов, Михаил Устинов.

    P.S.: Маңғыстаудағы мұз айдыны ғимараты құрылысының тоқтап тұрғанына алаңдап, қайта-қайта айтып, осы спортшыларымыздың қамы үшін жалықпай жазып жүргеніміз ғой. Бұларға жағдай жасалып, мүмкіндік берілсе, бұдан да жақсы нәижеге жетеріне сенемін.
    Мұз үстіндегі мұзбалақтарымыздың меселін қайтармайық! Көтермелеп, қолдау көрсетейік!
    Маңғыстау облысының әкімдігі, Ұлықбек Тналиев, Aibek Imashev, жанайқайымызды ескерерсіздер!
    Спортшыларымыз оралған соң, тағы да толығырақ ақпарат таратармыз.


    Айбек МҰХАНОВ, спорт шолушысы,
    Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *