Дзюдодан Парижде өткен Grand Slam турнирінде Әйгерім Әбілқадырова қарсыласының аяғын тістеп алды.
52 кг салмақта сынға түскен Әйгерім бірінші айналымда бельгиялық Шарлин ван Сникке есе жіберіп алды. Ол дзюдода өте қиын саналатын қылғындыру әдісіне түсіп қалған.
Айгерім ауыртатын әдіске түсіп, шамасы, бельгиялықты тістеп алған сияқты. Бұл Париждегі «Үлкен дулыға» турнирінде болды, — деп жазды «Спорт Шредингера» Telegram арнасы.
Әйгерім Әбілқадырова дзюдодан 11 дүркін Қазақстан чемпионы және грепплингтен Азия, әлем чемпионы атанған. Жарақатына байланысты спорттан үзіліс алып, «Еуропа аруы» атағын иеленген. Қазір ол ел чемпионатында жеңіске жетіп, ұлттық құрамаға қайта оралды.
Еркеғали БЕЙСЕНОВ,
АСТАНА
View this post on Instagram