• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Еуропа аруы» атанған Әйгерім Әбілқадырова қарсыласын неге тістеп алғанын ашып айтты

    Францияның астанасы Парижде өткен Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінде Әйгерім Әбілқадырова спортқа жат әрекетімен көзге түсіп, қарсыласының аяғын тістеп алған болатын.

    Осы оқиғаға байланысты спортшы мұндай қадамға неліктен барғанын айтты.

    «Барлық диван сыншыларына жауап берейін. Париждегі Grand Slam турнирінде мен бельгиялық спортшымен күрестім. Ол менің шынтақ буынымды тартып, ауырту әдісін жасады. Мен берілгенімді білдіріп, белгі бердім. Бірақ бельгиялық спортшы бұған қарамай, қолымды сындыра бастады.
    Осыдан соң сол жақ буынымның қытырлай бастағанын естіп, амалсыздан және қатты ауырғандықтан автоматты түрде оны тістеп алдым. Оның үстіне, төреші бұл жағдайға мүлде мән бермей, белдесуді тоқтатпады. Айтпақшы, маған теріс пікір жазып жатқан ер адамдар, егер соншалықты батыр болсаңдар, маған өз номерлеріңді жазыңдар. Егер шамаң жетсе, бәрін бетіме айтып көр», — деді Әйгерім.

    Әйгерім Әбілқадырова Париждегі турнирдің бірінші айналымында ұтылып қалған.

    Ол дзюдодан 11 дүркін Қазақстан чемпионы және грепплингтен Азия, әлем чемпионы атанған. Жарақатына байланысты спорттан үзіліс алып, «Еуропа аруы» атағын иеленген. Қазір ол ел чемпионатында жеңіске жетіп, ұлттық құрамаға қайта оралды

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *