• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина Abu Dhabi Open турнирінің ширек финалына шықты

    Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде қаласында басталған WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open турнирінде жеңісіне жетті.

    Қазақстанның теннисшісі чехиялық Каролина Плишковамен ойнап, оны 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

    Каролина Плишкова бір кездері дүниежүзінің бірінші ракеткасы болған. Енді Елена Рыбакина ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі. Беатрис екінші айналымда тағы бір қазақстандық, рейтингте 45-орындағы Юлия Путинцеваны 6:4, 6:7 (5:7), 7:6 (7:4) есебімен ұтып кетті.

    Биыл Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында ойнады. Ал былтыр, 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіске жетті.

     

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *