WADA халықаралық ережелеріне сәйкес, жақсы нәтиже көрсеткен кәсіпқой спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлер жүйелі түрде допинг сынағынан өтеді.
Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылғы 2 наурызда Жетісу облысындағы турнирде Игорь Соннан допинг-сынама алынып, ол оң нәтиже берген.
WADA стандарттарына сәйкес сынамалар бірнеше рет тексерілді. Соның нәтижесінде WADA ережелері бойынша спортшыны 8 жылға барлық жарыстан шеттету туралы шешім қабылданды. Ол 2022 жылдың 8 наурызынан 2030 жылдың 28 наурызына дейін созылады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2020 жылы Токио Олимпиадасында алынған Игорь Сонның допинг сынамасы таза болғандықтан, Олимпиаданың қола медалі, сондай-ақ оған берілген ақшалай сыйлық пен пәтер қайтарылмайды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА