Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Таисия Алексеева күміс жүлдені жеңіп алды.
Қыздар арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Алексеева жұлқа көтеруде 89 кг, ал серпе көтеруде 112 келіні басынан асырды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша ол 201 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үш жүлде алған болатын. 73 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Сәулебеков алтын, ал Арапбай Нұрасыл (67 кг) мен Дарья Балабюк (55 кг) қола медаль жеңіп алған еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА