• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Мәдениет және спорт министрлігіне бірнеше қосымша құзырет беріледі

     

    Ашық НҚА порталында «Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысы талқыға шығарылды.

    Құжатта атап көрсетілгендей, Мәдениет және спорт министрлігіне қосымша мына қызметтер беріледі:

    — мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрып, ережені бекітіп береді;

    — мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру қағидаларын бекітеді;

    — архив және кітапхана ісі, геральдика салаларындағы ұлттық және халықаралық конкурстар мен фестивальдарды, сыйлықтар мен жүлделерді тағайындайды;

    — халықаралық  жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан ұлттық құрама командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекітеді;

    — бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ел аумағында болатын республикалық, облыстық және халықаралық спорттық жарыстарын медальдармен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;

    — Республикалық ономастикалық комиссия құрады;

    — Кинемотография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жасақтайды;

    — туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;

    — лотерея операторын және оған лоторея өткізу құқығын беру мерзімін айқындайды.

    Үкімет қаулысы 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Осыдан кейін қол қою үшін премьер-министрге жолданады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *