• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Каркен Ахметов атындағы мектеп-интернат-колледжі оқушыларды қабылдайды

    Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі 2023 – 2024 оқу жылына мектеп-интернатқа оқушылар қабылдайтыны туралы хабарлайды.

    Мектеп-интернат 16 олимпиадалық спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына спорттық резерв дайындайды:

    Баскетбол (жасөспірімдер), бокс, байдарка және каноэде ескек есу, велоспорт, волейбол, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, жүзу, көркем гимнастика, қазіргі бессайыс, семсерлесу, су добы (жасөспірімдер), спорттық гимнастика, таеквондо, үйлесімді жүзу.

    Мектеп-интернатқа 2023-2024 оқу жылына 7-ші сыныпқа оқушылар қабылданады, үміткерлер таңдаған спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде немесе спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда алғашқы спорттық дайындықтан өтуі және спорттық разрядтар мен атақтар орындау бойынша қойылатын талаптарды орындаған болуы міндетті.

    Құжаттарды қабылдау және медициналық комиссия жұмысы – 2023 жылдың 01 маусымы мен 18 тамызы аралығында жүргізіледі (сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, үзіліс 13.00-14.00 аралығында, сенбі күндері комиссия сағат 09.00-13.00 сағат аралығында жұмыс істейді).

    Қабылдау емтихандары 2023 жылдың 21-23 тамыз аралығында өткізіледі.

    21 тамыз – жалпы дене дайындығы бойынша;

    22 тамыз – арнайы дене дайындығы бойынша;

    23 тамыз – жалпы білім беру пәндері бойынша емтихандар және психологиялық тестілеу

    23 тамыз – математикалық сауаттылық;

    оқу сауаттылығы;

    Қазақстан тарихы;

    Қабылдау емтихандары тест түрінде қабылданады.

    Мектеп-интернатқа оқуға түсушілер келесі тесттерді тапсырады:

    Жалпы дене дайындығы бойынша:

    1. Турникке тартылу
    2. Орыннан ұзындыққа секіру
    3. Уақытқа (1 мин) кеудені көтеру (пресс)
    4. 60 метр қашықтыққа жүгіру
    5. 1000 метр қашықтыққа жүгіру.

    Арнайы дене дайындығы бойынша:

    — таңдалған спорт түріндегі қажетті қозғалыс дағдыларын және техникалық дайындығын бағалайтын арнайы жаттығулар.

    23 тамызда барлық талапкерлер жалпы білім беру пәндері бойынша емтихан және психологиялық тест тапсыраудан өтеді.

    Мектеп-интернатқа түсетін талапкерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

    1. Ата-анасының немесе заңды өкілдерінен еркін формадағы өтініш;
    2. Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаты немесе туу туралы куәлік

    (жеке сәйкестендіру нөмірінің бар болуы, ЖСН көшірмесі);

    1. Оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын

    құжат;

    1. Сурет 3х4 – 6 дана;
    2. Спорттық разряд беру туралы бұйрықтың немесе куәлігінің көшірмесі (беруші мекеменің мөрімен расталу керек);
    3. Спортшының жеке карточкасы;
    4. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбелік

    жоспарына енгізілген республикалық және халықаралық немесе облыстық

    спорттық жарыстардың дипломдарының, грамоталарының, жарыс хаттамаларының көшірмелері (жүлделі орын алғандығын растайтын). (Бар болған жағдайда);

    1. Файлдық тезтікпе (жеке іс), конверт;

    Сондай-ақ медициналық комиссиядан өту үшін денсаулық жағдайы туралы келесі құжаттар тапсырылады:

    1 № 075 формадағы медициналық анықтама (дәрігердіңкәсіптік-консультациялық

    қорытындысымен) өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік 10 күннен ерте емес

    берілген, қанның, зәрдің жалпы талдауы туралы деректерді көрсете отырып, тіс

    дәрігерінің, эндокринолог, кардиолог, фтизиатрдың анықтама мантудан реакция

    оң болған жағдайда;

    2 Жүрек, бауыр, бүйрек, іш қуысы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу туралы медициналық қорытындылар, электроэнцефалограмма, сондай-ақ мидың магнитті-резонанстық томографиясы негізінде жасалған медициналық қорытынды (бокс бөлімшесіне түскен жағдайда);

    3 Форма № 065-у. Профилактикалық егулер картасы (мектептен немесе емханадан);

    4 Эпидемиологиялық орта туралы медициналық анықтама (емханадан, оқуға түскен жағдайда);

    5 № 052 формадағы баланың амбулаториялық медициналық картасы

    (емханадан немесе мектептен, бар болған жағдайда);

    6 026 формадағы баланың медициналық картасы және бала денсаулық паспорты (мектептен немесе емханадан);

    7 Кеуде қуысының флюорографиясы (15 жастан бастап);

    1, 2 тармақтарды Алматы қаласының спорттық медецина және оңалту орталығында өткен құпталады. Медициналық комиссиясының рұқсатынан кейін ғана талапкерлер емтихан тапсыруға жіберіледі.

    Қабылдау кезінде шығармашылық емтихандардың нәтижесі негізгі рөл атқарады, спортшының халықаралық және республикалық жарыстарға қатысқандығы міндетті түрде қарастырылады.

     

    Мекен-жайымыз: Алматы қ., Байзақов к-сі, 238 үй,

    Анықтама телефондары: 8(727) 394-45-10, e-mail:rshi_ahmetova@mail.ru

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *