• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда «Тән сұлулығы — ұстазда» спорттық фестивалі өтті

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесі күні Алматыдағы Абай атындағы   Қазақ Ұлттық Педогогикалық унверситетінде «Тән сұлулығы – ұстазда» спорттық фестивалі өтті.

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саламатты қоғамды қалыптастыру саясатын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан спорттық шара барысында  арқан тарту, волейбол, қазақ күресі,  жеңіл атлетика, веложарыс, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ,  қол күресі спорттық ойын түрлері  бойынша жарыстар ұйымдастырылып, ректорат құрама командасымен қатар  барлық институттардан 7  команда қатысты.

    Мерекелі шараны университет ректоры Такир  Балықбаев ашып, биылғы оқу жылы университет абыройын асқақтатып, туын көкке желбіретіп жүрген  республикалық, қалалық жарыстар мен IX жазғы Универсиаданың түрлі ойындары бойынша жеңімпаз атанған  56 спортшыны арнайы дипломмен және ақшалай сыйақымен марапаттады. Сосын иниституттың намысын үлкен жарыстарда қорғап жүрген спортшылар өз өнерлерін көрсетті.

    Екі күнге созылған спорттық фестивальде қызметкерлер мен профессор-оқытушылар  құрамы арасында өткен жарыста 25 ұпай жинаған Педагогика және психология институтының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды 22 ұпаймен Өнер, мәдениет және спорт институты алса, ал үшінші орынға 19 ұпаймен Жаратылыстану және география институты ие болды.

    Студенттер арасында ұйымдастырылған спорттық ойындарда жалпы командалық есепте 24  ұпай жинаған     Жаратылыстану және география институтының командасы  бас жүлдені жеңіп алды. 23 ұпаймен  екінші орынды Сорбонна-Қазақстан  институтының командасы иеленсе,  үшінші орынға Математика, физика және информатика институты орналасты.  Олар 19 ұпай жинады. Жарыс соңында барлық жеңімпаз атанған командалар  университет ректорының грамотасы және кубогымен марапатталды.

    Тұңғыш Президент күніне орайластырылған бұл шара жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық бірлікті нығайта түсті. Жастарға жігер берер  бұл спорттық жарыс алдағы жылы дәстүрлі түрде жалғасатын болады.

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    Суретті түсірген  С. ИМАНҚҰЛОВ

    АЛМАТЫ

     

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *