• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Artsport жобасының қаржысын жымқырған адамдар сотталған

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Artsport жобасының жемқорлық фактілеріне қатысты мәліметтерін жариялады.

    Бағдарлама іске асырылған қысқа мерзімнің ішінде 11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді. 6 адамның ісі сотқа беріліп, оның төртеуі сотталды, — делінген хабарламада.

    Сонымен бірге ведомство бағдарламаға бөлінген қаражатты игерудің барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлықтың анықталғанын хабарлады.

    Бюджеттің мерзімінен бұрын игерілуіне байланысты жоба екі рет тоқтап қалған. ArtSport электрондық платформасында құжаттарды беру және сабаққа қатысуды есепке алуды цифрландырудың жеткіліксіздігі анықталды. Жүйенің шалағайлығынан есепке «өмірде жоқ» адамдарды енгізілген, — делінген баяндамада.

    Агенттіктің хабаралуынша, жан басына шаққандағы қаржыландыруға шамамен 43 млрд теңге бөлінген (2021 жылы – 5,8 млрд теңге, 2022 жылы – 37 млрд теңге).

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *