• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Теннис: Әмір Омарханов — ITF Juniors J60 турнирінің жеңімпазы!

    Теннисші Әмір Омарханов Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J60 турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. 15 жастағы теннисші — Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Қазір ол Чехияда жаттығып жүр. Грузиядағы турнирде ол жекелей және жұптық сында үздік атанды. Әмір жекелей сында әзербайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Ол финалға ...

    Read More »

    «Реалдан» тағы бір «Алтын доп» иегері кетіп жатыр

     Мадридтің «Реал» клубынан тағы бір «Алтын доп» иегері кетіп жатыр деген хабар келіп жетті.   Sport24-тің хабарлауынша, Хорватия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы, 2018 жылғы әлемнің үздік футболшысына берілген «Алтын доп» сыйлығының иегері Лука Модрич мадридтік клубтан кетеді. Ол Сауд Арабиясы клубымен келісімшартқа отырады. Келісім үш жылға жасалады. Бірақ Модричтің болашақта қай клубта ойнайтыны әзірге айтылған жоқ. Лука Модрич «Реал» клубында 2012 ...

    Read More »

    Мәдениет және спорт министрлігіне бірнеше қосымша құзырет беріледі

      Ашық НҚА порталында «Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысы талқыға шығарылды. Құжатта атап көрсетілгендей, Мәдениет және спорт министрлігіне қосымша мына қызметтер беріледі: — мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрып, ережені бекітіп береді; — мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру қағидаларын бекітеді; — архив және кітапхана ісі, геральдика салаларындағы ұлттық және халықаралық конкурстар мен фестивальдарды, сыйлықтар мен ...

    Read More »

    Барды бағалай білген жөн

    Қазақстандағы спорттық гимнастиканың өзекті мәселесі мен осы спорт түрінен қазақ қыздары арасынан алғаш болып КСРО біріншілігінде табысты өнер көрсеткен, спорттық гимнастика мен акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, шынашақтай ғана шымыр қыз Қарлығаш Қалиева туралы бір үзік әңгіме. Спорттық гимнастика түрінен Кеңес Одағы кезінде көптеген спортшыларымыз байрақты жарыстарға қатысып,еліміздің намысын абыроймен қорғағанын жақсы білеміз. Мысалы, спорттық гимнастика туралы әңгіме қозғаған кезде ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері мүгедек арбасындағы турнирде алғаш рет жеңіске жетті

    Теннистен Қазақстан құрамасы Италияның Альгеро қаласында мүгедек арбасындағы ITF UNIQLO WHEELCHAIR TENNIS TOUR сериясы бойынша өткен халықаралық турнирде алғаш рет жеңіске жетті. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, ұлттық құрама алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен өткен халықаралық додада бақ сынады. Ел намысын Қарағанды қаласының тұрғыны Евгений Быков пен Федор Старыгин және ақтөбелік Дастан Неязов қорғады. Неязов финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде италиялық ...

    Read More »

    Регбиден Қазақстан құрамасы турнирде жеңімпаз атанды

    Регбиден Қазақстан əйелдер құрамасы Нидерландтың Амстердам қаласында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Ел құрамасы жеті ойынның барлығында жеңіске жетті. Құрама команда Латвия мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтарды да жеңді. Әйелдер құрамасы былтыр да осы турнирде жеңімпаз атанған болатын. Ал, 2019 жылы «Алматы» клубы турнирдің жеңімпаз тұғырына көтерілді. Amsterdam Sevens турнирінің 50 жылдық тарихы бар. Жарыс Еуропадағы беделді турнирдің ...

    Read More »

    Қазақ шабандозы Францияда қатарынан екі бас жүлдені жеңіп алды

    Қазақ шабандозы Бауыржан Мұрзабаев беделді «Катар При» ат жарысына қатысып, екі рет бас жүлде иеленді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады. Сайыс Францияның солтүстігіндегі Шантийи қаласында өтті. Бауыржанды Францияға атақты жаттықтырушы Андре Фабре шақырған. Отандасымыздың шеберлігі Еуропаға таныс болғанмен, Францияның атсүйер қауымы арасында аса танымал емес. Бірақ соған қарамастан Фабре Бауыржанды өзінің басты шабандозы етіп тағайындаған. Қандасымыз бапкердің артқан үмітін ...

    Read More »

    Бензема жаңа клубты таңдады

    Испанияның «Реал» (Мадрид) клубының бұрынғы шабуылшысы Карим Бензема жаңа клубты таңдады. Оның таңдауы Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» командасына түсті. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады. Оның айтуынша, Карим Бензема жаңа командамен келісімшарттың негізгі құжаттарының жартысына қол қойған. Енді ол 2025 жылдың маусым айына дейін Сауд Арабиясының лигасында ойнайтын болады. Барлық мәселе шешілді. Карим Мадридте жанкүйерлермен қоштасқаннан кейін Араб түбегіне жолға шығады. ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос» турнирі: Қазақстан құрамасы қанша табыс тапты?

    Қазақстан теннисшілерінің «Ролан Гаррос» турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Франция ашық чемпионатына еліміздің жеті теннисші қатысты. Осы турнирде спортшылардың бәрі ұтылса да 485 мың еуро (234,4 млн теңге) табыс тапты. Мысалы, табыс табу жөнінен Юлия Путинцева алда тұр. Ол жекелей сында үшінші айналымға дейін жетті. Жұптық сында ресейлік Камилла Рахимовамен бірге алғашқы айналымнан аса ...

    Read More »

    Ерасыл Қажыбаев Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

    Дзюдодан Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласында өтіп жатқан  Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының қордынына тағы бір қола медаль түсті.  Турнирде 100 келіден аса салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерасыл Қажыбаев үшінші орын үшін белдесуде Польша өкілі Каспер Сзуровскиден басым түсті. Бұған дейін ұлттық құрама команданың балуаны Сұңғат Жұбатқан 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Ол алғашқы белдесуінде Израиль дзюдошысын, екінші айналымда тәжікстандық Нұрали ...

    Read More »