• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Бокстан жаңа ұлттық құрама команда жасақталады (ВИДЕО)

    Астанада бокстан VI жазғы Спартакиада аяқталып, чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Спарктаиада бір апта бойы Beeline Arena спорт кешенінде жалауын желбіретті. Оның қорытындыысы бойынша 13 салмақта, атап айтқанда 46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг дәрежесінде чемпиондар анықталды. Төрт боксшы екінші рет ...

    Read More »

    Еуропа чемпионатына жолдама алып, халықты қуантамыз — Магомед Адиев

    20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Любляна қаласында футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты турнирінің аясында Словения мен Қазақстан ұлттық құрама командалары кездеседі. Бұл матчта Еурододаға жолдама беріледі. Н тобында Дания құрамасы өз алаңында Словения жасағын 2:1 есебімен жеңіп, бір тур бұрын Еуропа чемпионатына жолдама алып қойды. Қазір турнир кестесінде дат футболшылары 22 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орынға Словения ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын жеңді (ФОТО, ВИДЕО)

    Астанада футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино командасымен ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін ұлттық құрама қарсыластарымен үш рет кездесіп, үшеуінде де жеңіске жеткен еді. Бұл матчтар 4:0, 3:1, 3:0 есептермен аяқталды. Ал бүгінгі матч «Астана Арена» стадионында болды. Оған 30 100 адам жиналды. Стадионда ине шаншар орын болмады. Мачты тамашалауға президент Қасым-Жомарт Тоқаев та барды. Матчта ...

    Read More »

    Теннисші Недовесов София турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Александр Недовесов Болгарияның астанасы — Софияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Ол финалда эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге британиялық Джулиан Кэш пен хорватиялық Никола Мектич дуэтіне қарсы ойнады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. 1 сағат 28 минутқа созылған тартысты ойында 6:3, 3:6, 13:11 есебімен Недовесов пен Эскобар жеңіске жетті. 36 жастағы Недовесов АТР (кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 48-орында тұр. ...

    Read More »

    Бокстан Спартакиада: ½ финалда Тәшкенбай мен Бибосынов қолғап түйістіреді (ВИДЕО)

    Астанада бокстан өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада жартылай финалға шыққан былғары қолғап иелерінің есімдері анықталып жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, 48, 54, 60, 67, 75, 86, +92 келі салмақта ½ финалға жолдама алған спортшылардың есімдері белгілі болған еді. Енді бүгін түсауа 51 және 60 кг салмақта келесі айналымға шыққан боксшылар анықталды. Бүгін кешке дейін жартылай финалға басқа салмақтағы саңлақтар да жолдама алады. ...

    Read More »

    Футболдан Сан-Марино құрамасы шұғыл түрде қонақ үйден шығарылды (ВИДЕО)

    Астанаға Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің аясында болатын матчқа Қазақстан құрамасы командасымен ойнау үшін келген Сан-Марино құрамасы қонақ үйден шығарылды, деп хабарлады Спорт Шредингера Telegram-арнасы. Отельдің әкімшілігі ұрама команда «қонақ үйде бомба бар» деген хабарламаға байланысты  қонақ үйге келген барлық адамды эвакуациялаған. Құраманың 23 ойыншысымен бірге техникалық қызметкерлер, түсірілім тобы толық қауіпсіз жерге көшірілген. Шетелдіктер полиция толық тексеріс жүргізіп болғанша далада ...

    Read More »

    Қазақ күресінен ел чемпиондары анықталды

    Ақтау қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бүгін ерлер – 55, 60 кг және түйе балуан салмағында, ал әйелдер – 48, 52 келі салмақта күресіп, чемпионды анықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігігің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. Ерлер: 55 кг 1: Бекжан Төлепов (Қызылорда облысы) 2.Дәулет Ниетбай (Алматы қаласы) 3.Рузимон Тұқышев (Түркістан облысы) Асылхан Дүйсенбек (Жамбыл ...

    Read More »

    Жақсылық Үшкемпіров атындағы мешіт ашылады

    24 қарашада Алматы облысы Қарсай ауданы Жібек жолы ауылында грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Жақсылық Үшкемпіровтің атындағы мешіт ашылады, деп хабарлады Күрес түрлері федерациясы. Мешіттің мекенжайы: Дүйсеков көшесі, 1. Жақсылық Үшкемпіровтің шын есімі — Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев. Ол 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердловск ауданындағы Дихан ауылында туған. 2020 жылы 2 тамызда пандемия кезінде қайтыс болған. 1971 ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан-Сан-Марино матчына арнайы автобустар апарады

    Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Трансляция Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен беріледі. Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына кіру тегін болады. Жанкүйерге Жекпе-жек сарайына жету үшін шаттл-автобустар ұйымдастырылады. Олар сағат 19.30-де «Астаналық цирк», «Қазақстан» СК, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті (Нұр-Астана) ...

    Read More »

    Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте жекпе-жекке шығады (ВИДЕО)

    Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Өзбекстанның Ташкент қаласында Чили елінің былғары қолғап шебері Хулио Аламосқа қарсы жекпе-жекке шығады. Кеше олар салмақ өлшеп, айқасқа дайындықты бастап кетті. Рәсімде Мейірім Нұрсұлтановтың салмағы орта салмақ санатының лимитінен аспай, таразы 72,5 келіні көрсетті. Оның қарсыласының салмағы 72,3 кг болды. Осы жеде қазақ боксшысын қолдауға Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшысы Баходир Жалолов келді. Жалолов 2020 ...

    Read More »