• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қазан 2026

    Спортшылар V Азия Пара ойындарына аттанып барады

    Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстанның ұлттық командасын V Азия Пара ойындары – Аичи-Нагоя 2026 жарыстарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті. Бұл дүрмекті дода 18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Салтанатты іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, қоғам қайраткерлері мен басқа да құрметті қонақтар қатысты. Іс-шараның ...

    Read More »

    Азия пара ойындарына 150 спортшы аттанады

    18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында V Азия пара ойындары өтеді. Додаға 45 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысып, спорттың 18 түрінен 502 медальды сарапқа салады. Еліміздің ұлттық құрамасы сапындағы 150 ойыншы спорттың 12 түрі бойынша өнер көрсетеді, 1 командалық, 11 жекелей спорт түрінен ел ...

    Read More »

    Пара таеквондошылар Парижде құрмет тұғырынан көрінді

    Францияның Париж қаласында пара таеквондодан тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында өткен Paris 2026 World Para Taekwondo Grand Prix Series турнирінде Нұрлан Домбаев жеңімпаз атанса, Жанболат Қазиев қола жүлдеге ие болды. Нұрлан Домбаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түс іп, жарысты екінші айналымнан бастады. Ол алғашқы жекпе-жекте Ұлыбритания спортшысы Джозеф Лейнді 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Дәл осы ...

    Read More »

    Жасанды интеллект денсаулық сақтау саласын өзгертеді

    Алматыда STADA фармацевтика компаниясы адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасы мен денсаулық сақтау саласындағы өзгеріске арналған STADA Health Report 2026 халықаралық зерттеуінің нәтижесін таныстырылды. Жасанды интеллектінің қарыштап дамуы — биылғы жылдың басты үрдістерінің біріне айналды: Қазақстан халқының   71%-ы оны денсаулық мәселесінде пайдаланады. Ал зерттеуге қатысушылар арасындағы орташа көрсеткіш — 55%. Сонымен қатар Қазақстан ЖИ көмегімен медициналық кеңес алуға дайындық деңгейі бойынша ...

    Read More »

    17 жастағы Шахмұрат Дәулетов Бельгия клубымен келісімшарт жасасты

    17 жастағы Шахмұрат Дәулетов Бельгияның «Генк» клубымен кәсіби келісімшартқа қол қойды. «Генк» клубының Instagram-дағы парақшасында жас футболшының қолына «Йонг Генк» командасының жейдесін ұстап түскен фотосуреті жарияланған. Бұл клуб — «Генк» командасының жастар жасағы. «Еңбек ешқашан зая кетпейді! Шахмұрат Дәулетов өзінің алғашқы кәсіби келісімшартына қол қойды», делінген хабарламада. Келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Бұған дейін Шахмұрат Дәулетов «Генктің» 18 жасқа ...

    Read More »

    Қазақстан семсерлесуден әлем кубогына қатысады

    Қазақстан құрамасы семсерлесуден 15-18 қазан аралығында Марокконың Касабланка қаласында өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысады. Халықаралық жарыста отандастарымыз шпагадан ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық сайыстарда сынға түседі. Ерлер арасындағы жекелей сайыста ел намысын Нұржан Әбжанов, Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Аңсар Қасен, Руслан Курбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов пен Георгий Тинников қорғайды. ...

    Read More »

    Олимпиада мен Паралимпиаданың эмблемалары таныстырылды

    2032 жылы Аустралияның Брисбен қаласында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми эмблемалары таныстырылды. Эмблемалардан елдің табиғаты мен мәдениетіне тән ерекшеліктерді көруге болады. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне қарағанда, эмблемалардың басты бейнесі — Аустралияда мекендейтін какадудың екі түрі. Олимпиаданың символы ретінде қызғылт какаду, ал Паралимпиаданың символы ретінде сары айдарлы какаду таңдалған. «Дизайнда басқа да нышандар көрініс тапқан. Құстардың айдарларынан Квинсленд штатының сұлбасын ...

    Read More »

    Софья Самоделкина Денис Тен мемориалына қатысады

    Ертең Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы халықаралық турнирі басталады. Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, мұз айдынына еліміз атынан тоғыз спортшы шығады. Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Әйелдер арасындағы жарысқа Софья Самоделкина, Амина Алексеева, Амира Ирматова, Алика Халимова, Зере Сарбалина мен Нұрия Сүлеймен қатысады. Мұздағы биде ел намысын Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев қорғайды. ...

    Read More »

    Батырдың рухына арналған белдесу

    Биыл қазақ күресінен жасөспірімдер арасында батыр бабамыз Райымбек Хангелдіұлы атындағы дәстүрлі респбликалық жарыс 25-рет ұйымдастырылды. Бұл жарыс қазақ күресінің елімізде дамуына зор үлесін қосып келген тартысты доданың бірі болып саналады. Төл күресімізден бүгінде әлем, Азия чемпионаттарында ел намысын қорғап жүрген көптеген балуан осы жарыста күресіп, есімдері елге танылған десе артық болмас. Қазақтың сахара кең даласы қаншама тарихты қойнына құшып жатыр ...

    Read More »