V Азия Пара ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары пара садақ атудан, пара үстел теннисінен, пара дзюдодан, пара велоспорттан (шоссе), пара жүзуден, пара пауэрлифтингтен, пара таеквондодан, пара жеңіл атлетикадан, волейболды отырып ойнаудан сынға түсті. Пара дзюдодан ел құрамасының қоржыны тағы үш алтын, бір күміс және төрт қола медальмен толықты. J2 класында 95 келіден аса салмақ дәрежесінде Жұрқамырза Шүкірбеков ...
Read More »Monthly Archives: қазан 2026
Пара жеңіл атлет Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Айсұлу Сүлейменова 100 метрге жүгіруден Азияның жаңа рекордын жаңартты. Айсұлу Сүлейменова жарыстарға екі аяқтың зақымдануына байланысты арнайы жүгіру протездерін пайдаланатын спортшыларға арналған T62 санатында қатысып жүр. Алайда өз санатында басқа адамдар болмағандықтан, ол бір аяқтың зақымдануына байланысты протез пайдаланатын спортшылар бақ сынайтын T64 санатының өкілдерімен бірге жарысты. Финалда ол 100 метрді ...
Read More »V Азия Пара ойындары: Әли Тұрғанбеков — күміс жүлдегер!
V Азия Пара ойындарында пара жүзуден ерлер арасында SB4 санаты бойынша өткен финалда Әли Тұрғанбеков 100 метрге брасс әдісімен 1 минут 44.26 секундта жүзіп, күміс медаль иеленді. Бұл жарыста Малайзияның өкілі Мұхаммад бин Зулкафли чемпион атанды. Ол 100 метрге 1 минут 41.44 секундтта үзіп, мәреге бірінші болып жетті. Қола жүлдені үнді Рохит Кумар қанағат тұтты. Ол мәреге 1 минут 57.25 ...
Read More »V Азия Пара ойындары: Диас Кенжебек қола медаль жеңіп алды
Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жүзуден ерлер арасында S10 классы бойынша өткен финалда Диас Кенжебек баттерфляй әдісімен 100 метрге 1 минут 05.50 секундта жүзіп, қола медаль иеленді. Кеше ол S10 санаты бойынша 100 метрге 1 минут 1,98 секундта жүзіп, мәреге бірінші жетіп, Пара Азиада чемпионы атанды. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 ...
Read More »Қазақстан қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 санатында 95 келіден аса cалмақта ирандық Кхеироллахзаден Варзи Мохаммад Резаны жеңіп, чемпионы атанды. Одан басқа ел қоржынына алтын жүлделерді пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара дзюдодан Ибрагим Нұрмаханұлы, Бексұлтан Құлмырза, Ақтолқын Сейілбекова, Зарина Раифова, пара жүзуден Диас Кенжебек, пара велоспорттан Наиль Ермұханбет пен ...
Read More »Бір күнде екі алтын жүлде: Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азияның жаңа рекордын жаңартты. Ол ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалап жүзу сайысының финалында 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты. Екінші орынды Жапония спортшысы Акито Мина ...
Read More »V Азия Пара ойындары: Даяна Федосова мен Ғалымжан Смағұлұлы қола жүлдегер атанды
Бүгін V Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Даяна Федосова мен Ғалымжан Смағұлұлы қола жүлдені жеңіп алды. Даяна Федосова J2 санатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сингапурлық Хун Джоан Хуэй Синді иппонмен жеңіп, үшінші орын алса, Ғалымжан Смағұлұлы J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Өзбекстан өкілін қосымша уақытта айласын асырды. Алайда ол жартылай финалда Корея Республикасының спортшысына есе жіберді. ...
Read More »Пара дзюдошы Бексұлтан Құлмырза – Азиада чемпионы!
Бүгін V Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Бексұлтан Құлмырза еліміздің қоржынына төртінші алтын медальді сыйлады. Ол J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Оңтүстік Корея спортшысы Ким Донхунды жеңіп, чемпионы атанды. Сонымен бірге ерлер арасында кешенді жүзуден өткен финалдық жарыста Диас Кенжебек 200 метрді 2 минут 21.61 секундта жүзіп, күміс медаль иеленді. Бірінші болып мәреге жапониялық спортшы Минай Акито 2:18.11 ...
Read More »Қазақстан қоржынына тағы екі алтын жүлде түсті
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында жалауы көтерілген V Азия пара ойындарының үшінші жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары пара садақ атудан, пара оқ атудан, пара үстел теннисінен, пара дзюдодан, пара велоспорттан (трек), пара жүзуден, пара пауэрлифтингтен, арбадағы теннистен, пара таеквондодан, боччадан, волейболды отырып ойнаудан және пара жеңіл атлетикадан сынға түсті. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтыққа пневматикалық ...
Read More »Қазақстан жүзгіштері рекордты жаңартып жатыр
Астанада алғаш рет суға жүзуден өтіп жатқан World Aquatics – Astana 2026 әлем кубогінің кезеңінде алтын спортшымыз финалға шығып, екі спортшымыз рекордтты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz. Іріктеу бәсекелерінің қорытындысы бойынша 50 метрге еркін стильде жүзуде Глеб Коваленя 21,31 секунд нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын 0,04 секундқа жақсартты. Ол кешкі сессияда өтетін финалдық жарысқа қатысады. 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бірден екі ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары