• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты

    Бензема Франция құрамасына қатысты мәлімдеме жасады

    Карим Бензема Францияның ұлттық құрама командасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды. Осы кезге дейін ұлттық құраманың сапында біраз тер төктім. Қателіктер жасадым. Осы күнге дейін ойнап, жетістікке жеткенімді мақтан тұтамын. Мен ұлттық құрамада қолтаңбамды қалдырдым. Осымен біздің жолымыз тәмам, – деп жазды Бензема. Биыл Карим Бензема әлемнің үздік ойыншысына берілетін «Алтып доптың» иегері атанды. Ол Испанияның «Реал» ...

    Read More »

    Аргентина құрамасы әлем чемпионы атағы үшін 10 млн доллар алды

    Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ) Аргентина құрама командасының ойыншыларына Катарда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін 10 млн доллар көлемінде чек сыйлады. Бұл туралы COMNEBOL президенті Алехандро Домингес Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалында Францияны пенальти сериясында жеңді. Жүлде сертификаты финалдан кейін Аргентина құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінде табыс етілді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    «Мен оның уайымын түсінемін». Франция президенті Мбаппені жұбатты

    Франция президенті Эммануэль Макрон Аргентинамен финалдағы жеңілістен кейін ұлттық команданың шабуылшысы Килиан Мбаппеге қолдау көрсетті. Оның айтуынша, француздар бірінші таймда сәтсіз өнер көрсетті. Бірақ Мбаппе ойынды өзгерте алды. Мбаппе – керемет ойыншы. Алайда ол – жас. Мен оған небәрі 24 жаста екенін айттым. Ол осы әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанды. Қазірдің өзінде финалға жетті, чемпион болды. Мен оның уайымын түсінемін. ...

    Read More »

    Парижде жаппай тәртіпсіздік тағы қайталанды

    Футболдан әлем чемпионатының Аргентина мен Франция құрамалары арасындағы финал аяқталғаннан кейін Париж көшелерінде жаппай тәртіпсіздік қайталанды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, алаңға шыққан жанкүйерлер полицейлерге қарсы шығып, тәртіпсіздікке жол бере бастағаннан кейін оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келген. Сақшылар кейбір жанкүйерлерді ұстап алып та кетті. Еске сала кетсек, бұған дейін осы әлем чемпионатының жартылай финалында Францияның ұлттық ...

    Read More »

    Әлем чемпионы атанған Месси күтпеген мәлімдеме жасады

    Алғаш рет әлем чемпионы атанған Лионель Месси Аргентина құрамасында қалатынын мәлімдеді.  Ол бұған дейін әлем чемпионаты аяқталысымен ұлттық құрама командадан біржолата кетемін деген сөзінен айнып, енді Аргентина әлем чемпионы болған соі, оның жейдесінде ойнағысы келетінін айтты. Бұл туралы ол әлем чемпионатының финалы біткен кезде ескертті. Мен әлем чемпионы атанғым келді. Енді міне, сол атаққа жетіп отырмын. Ал мына кубокты қараңыздаршы, ...

    Read More »

    Месси туралы жеті жыл бұрынғы болжам

    АҚШ-тың Даллас қаласының тұрғыны Хосе Мигель Поланко Лионель Мессидің биылғы чемпионаттағы жеңісін бірнеше жыл бұрын болжаған екен. Оның Тwitter парақшасына 2015 жылы салған посты қазір әлеуметтік желілерге кеңінен тарап, көпшілікті таңдандырып жатыр. Бір қызығы, ол сол постында биылғы футболдан әлем чемпионатын қысқа да нұсқа болжап көрген. 2022 жылдың 18 желтоқсанында 34 жастағы Лионель Месси әлем чемпионтында жеңіске жетіп, үздік ойыншы ...

    Read More »

    Месси, Мбаппе, Марокко, Мартинес, Модрич — Мундиаль қорытындысы

    Бүгін түнде Катарда төрт жылда бір рет өтетін футболдан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Футболдан әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Аргентина құрамасы Франция командасын матчтан кейінгі пенальти сериясы қорытындысымен ұтып, чемпион атанды. Осымен, аргентиналықтар бұл атақты үшінші мәрте жеңіп алды. Финалдың алдында екі құрама да бұған дейін екі дүркін чемпион болып тұрды. Атап айтқанда, Аргентина 1978 және 1986 жылдары, Франция 1998 және ...

    Read More »

    Үйлену тойы кезінде әлем чемпионатынан тікелей көрсетілім қойылды

    Ресейдің «Зенит» клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ақтаудағы үйлену тойында Аргентинаның жеңісін тойлады. Жастардың үйлену тойы Ақтау қаласындағы «Хан шахар» салтанат сарайында болды. Той кезінде мейрамханадағы экрандардан әлем чемпионатынан тікелей көрсетілім қойылды. Ал әлем чемпионы анықталған сәтте футболшының мейрамхананың ортасында шаттанып жүрген видеосы әлеуметтік желіде тарады. Нұралы Пақтұлы Әліп — Ақтау қаласының тумасы. «Каспий» футбол клубының түлегі. 2015 ...

    Read More »

    Бүгін әлемнің жаңа чемпионы анықталады

    Бүгін Катарда өтіп жатқан футболдан XXXII әлем чемпионаты өзінің мәресіне жетеді. Финалдық матчта Аргентина мен Франция құрамалары кездеседі. Кездесу Доха қаласының іргесінде осы чемпионат үшін арнайы салынған Лусаил кентінде бой көтерген өзімен аттас «Лусаил» стадионында өтеді. Ол Астана уақытымен 21:00 сағатта басталады. Аргентина құрамасы осымен әлемнің соңғы үш чемпионатында екінші рет финалға дейін жетіп отыр. Ол 2014 жылы Бразилияда жалау ...

    Read More »

    Футболдан ӘЧ: Хорватия қақпашысы 25 соққыны қайтарып, ең үздік атанды

    Хорватия құрамасының қақпашысы Доминик Ливакович футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында соққыны қайтару жөнінен үздік деп танылды. Жалпы, бұл қақпашы 7 кездесуде барлығы 25 соққыны кері қайтарған. Осылайша, ол бұған дейін көш бастап тұрған Польша құрамасының қақпашысы Войцех Щенсныдың көрсеткішінен (23) асып түсті. Бірақ Войцех Щенсны чемпионатта 4-ақ матч өткізген. Ал 5 кездесуде 18 сэйв жасаған Нидерланды қақпашысы Андрис Нопперт ...

    Read More »