• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты

    Аргентина финалға шықты

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы жартылай финалда Хорватия командасын 3:0 есебімен ұтып, финалға шықты. Бұл кездесуде аргентиналықтар сапында бірінші голды Лионель Месси салды. Ол 11 метрлік айып добын соғып, қақпаны дәл көздеді. Араға бес минут салып Месси хорваттардың бірнеше футболшысын алдап, командаласы Хулиан Альварестің есепті еселеуіне мүмкіндік жасап берді. Үзілістен кейін Хорватия сапында бірден үш ойыншы тыңнан ...

    Read More »

    Қазақстан әлем чемпионатында жеңіске жетті

    Хоккейден Норвегияның Аскер қаласында өтіп жатқан І дивизионның А тобындағы әлем чемпионатының (U-20) екінші ойынында Қазақстан жастар құрамасы Венгрия командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде Қазақстан құрамасының сапында шайбаны Дінмұхамед Сапарбек, Даниил Цыбин мен Дінмұхамед Қайыржан салды. Соңғысы матчтың аяқталуына 10 минут қалғанда қақпаны дәл көздеді. Шабуылшы матчтың үздік ойыншысы атанды. Келесі матчты Александр Истоминнің шәкірттері желтоқсанның 14-нен-15-не  қараған түні Дания командасына ...

    Read More »

    Қазақ күресінен үш балуан әлем чемпионы атанды

    Астанада қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде үшш отандасымыз алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Қазақ күресі қауымдастығы хабарлады. Чемпионаттың бірінші күні ерлер 82, 90, 100 және +100 келі салмақта белдесті. Ал әйелдер 75 және +75 келі салмақта мықтыны анықтады. Алтын медальді  82 кг салмақта Айдын Дартаев, 100 кг салмақта Айдын Байқамыров, Нұрдәулет Жарылқапов жеңіп алды. Ал ерлер ...

    Read More »

    Пара-хоккей құрамасы әлем чемпионатында күміс жүлде алды

     Қазақстанның пара-хоккейден құрама командасы  С пулындағы әлем чемпионатында екінші орынға ие болды. Турнирге Қазақстан, Таиланд, Австрия, Ұлыбритания және Франция командалары қатысты. Бұл — отандық параспортшылар үшін халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыс. Дебюттік турнирде спортшылар төрт матчта үш рет жеңіске жетті (7:0, 10:0 және 9:2) және турнир кестесінде екінші орынға табан тіреді. Отандамстарымыз  Ұлыбританияға (0:6) ғана есе жіберіп қойды. Паралимпиада ойындарының чемпионатын ...

    Read More »

    Лионель Месси «Алтын допқа» басты үміткер атанды

    Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентинаның ұлттық құрама командасының капитаны, әлемнің жеті дүркін үздік ойыншысы, «Алтын бутсы» атағының алты дүркін иегері Лионель Месси тағы да «Алтын допқа» басты үміткер атанды. Goal футбол сайтының хабарлауынша, әлем чемпионатының ширек финалынан кейін үздік ойыншы атанған Л.Месси «Алтын доп» үміткерлерінің де көшін бастады. Бұл атаққа Мессиден басқа онымен «ПСЖ» клубында (Париж) бірге ойнайтын Франция ...

    Read More »

    Ауыр атлетика: Қазақстан екінші медалін жеңіп алды

    Колумбияның Богота қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс өтті. Осы сында Нұрғиса Әділетұлы 383 (170+209) келіні басынан асырып, қоссайыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге ие болды. Әлем чемпионы атағын Бахрейн атынан шыққан колумбиялық Лесман Паредес жеңіп алды. Ол қоссайыста 397 келіні (жұлқа көтеруде – 185 кг, серпе көтеруде – 212 кг) көтеріп, ...

    Read More »

    Алексей Чуркин — әлем чемпионатының қола жүлдегері!

    Колумбияның Богота қаламсында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Алексей Чуркин қола жүлдені жеңіп алды. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші болды. Қоссайыс сомасында ауыр атлет 343 (153+190) килограмм көтерді. Бірінші болып Индонезиялық Рахмат Абдулла аяқтады. Екінші орынды Ризки Джуниансьяху (Индонезия) иеленді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Тұңғыш әлем чемпионы елге қола жүлде де әкеле жатыр

    Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев алтын жүлдемен қоса қола медаль жеңіп алды. Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, Эльмира Әлиева жаттықтыратын 15 жасар спортшы мысырлық Хана Годамен аралас жұпта әлем чемпионы атанса, жекелей сында үздік үштікке ілікті. Жекелей сында 15 жастағы жасөспірімдер арасында франциялық Флавиен Котон топ жарса, жапониялық Ёшияма Казуки екінші орынға ие болды. Алан ...

    Read More »

    ФИФА әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу идеясынан бас тартты

    Халықаралық футбол федерациясы әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу идеясынан бас тартты. ФИФА-ның әлемдік даму департаментінің басшысы Арсен Венгердің айтуынша, қазір Халықаралық футбол федерациясы 4 жылдық циклмен жұмыс істеп жатыр. Бұдан былай екі жылдық цикл туралы әңгіме болуы мүмкін емес. «Мен басында бұл жақсы идея деп ойладым. Бірақ мұндай өзгерістер іріктеу күнтізбесін толық қайта қарауды талап етеді. Біз қазір мұны ...

    Read More »

    Роналду Португалияның жеңілісіне қатысты ойын айтты

    Португалияның шабуылшысы Криштиану Роналду Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың Марокко командасынан жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Португалия командасы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасынан 0:1 есебімен ұтылғаннан кейін Роналду Instagram әлеуметтік желісінде командасының жеңілісіне қатысты ойын айтты. Португалия құрамасы сапында әлем чемпионатын жеңіс алу менің карьерамдағы ең үлкен арман еді. Мен көптеген атақ алдым. Ұлттық құрама сапында талай ...

    Read More »