Астанада жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Оған 25 елден келген 14 пен 20 жас аралығындағы 300-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Чемпионатта еліміздің намысын 29 спортшы қорғады. Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мохаммед Юсеф Аль-Мана турнирдің лайықты деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының Қазақстанда өтіп жатқанына қуаныштымыз! Бұл ...
Read More »Жарыс
Әмір Омарханов алғаш рет Уимблдон турнирінің 1/2 финалына шықты
Теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында жұптық сында Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен ойнады. Бірінші партияны Омарханов пен Плешивцев брейкпен аяқтады. Есеп — 6:4. Олар екінші сетте де 4:2 есебімен алға шыққанымен, қарсыластары таразы басын теңестірді. Дегенмен тай-брейкте Әмір Омарханов пен Егор Плешивцевтің ...
Read More »Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол салған ең жас футболшы атанды
Алматының «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев отандық командалар арасынан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде гол салған ең жас футболшы атанды. Ол Словенияның «Олимпия» жасағымен матчтың 59-минутында әріптесі Жоржиньоның берген пасын тиімті пайдаланып, қақпаны дәл көздеді. Алайда алаң иелерінің Диогу Пинто деген футболисі 66-минутта есепті теңестіріп, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Бұл ойын осылай, 1:1 есебімен аяқталды. Сәтпаев бұған дейін ...
Read More »Almaty арнасы Ақын Ордабайұлын марапаттады
Жуырда Almaty теларнасы шағын футболдан аламан жарыс ұйымдастырған болатын. Сол турнирде телеарна туралы мақалаларға конкурс жариялайтынын жария еткен еді. Мен қаламды қолға алып бір көлемді мақала жазып сайыста бір бағымды байқап көрейін деп жібергенмін. Міне, Алла тағала нәсіп етіп, мақалам үздік болып танылыпты. Almaty телеарнасының бас продюсері Ралида ханым мен айтулы ақпарат құралының ардақты азаматы Алмас мені БАҚ редакциясына шақырып, ...
Read More »Теннисші Айым Қанағатова Нидерландта жеңімпаз атанды
Теннисші Айым Қанaғатова Нидерландтың Амстердам қаласында өткен Tennis Europe Amstelpark Tennis Academy Trophy 2025 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Турнирге Нидерланд, Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия мен басқа да елдерден 64 теннисші қатысты. Жарысқа қатысқан елдердің жалпы саны 19-ға жетті. Рустем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Ушудан Азия кубогы: Қазақстан қоржынына сегіз жүлде түсті
Бүгін Қытайдың Жилинг қаласында ушу саньдадан ересектер арасындағы Азия кубогы аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Халықаралық және Азия ушу федерациясы ұйымдастырған жарысқа құрлық пен Тынық мұхиты аймағының 21 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан командасы биыл 9 ушу шеберін апарып, 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды, — делінген хабарламада. 1-орын: Бексұлтан Қоскенов (65 ...
Read More »Таеквондодан Әлем кубогы: Қазақстан құрамасы қола жүлде алды
Бүгін Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында басталған таеквондодан командалық Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жүлде үшін жекпе-жекте отандастарымыз Марокко спортшыларынан 2:1 есебімен басым түсті. Команда сапында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев, Нұрбек Ғазез сынға түсті. Іріктеуде Қазақстан Үндістанды жеңіп, жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен ...
Read More »Дзюдодан жастар арасында Азия кубогының иегерлері анықталды
Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Федерацияның хабарлауынша, төрт күнге созылған жарысқа ел спортшыларымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Үндістан, Ливан, АҚШ және IJF құрамаларынан 800-ден астам дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады. Жасөспірімдер құрамасы 5 алтын, 4 күміс, 12 қола, ...
Read More »World Boxing: Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ жарды
Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокстан әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Барлығы 30 елден 300-ге жуық боксшы сынға түскен бәсекеде Қазақстан құрамасы 16 салмақта құрмет тұғырының биік сатысынан көрінді. Енді финалдық кезең 15-22 қараша аралығында Үндістанда болады. Ерлер құрамасы – 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль. Әйелдер құрамасы – ...
Read More »Рыбакина Уимблдон турнирін сенсациямен аяқтады
Теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орында) Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан Уимблдон турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды. Турнирдің үшінші айналымында Рыбакина Данияның өкілі Клара Таусонмен (WTA рейтингінде 22-орын) ойнап, екі сетте 6:7, 3:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Омылайша, Клара Таусон Уимблдон турнирінің 1/8 финалына шықса, Елена Рыбакина жарысты ерте аяқтады. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Арменияның теннисшісі Элина Аванесянды (49-орын) 6:2, ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары