• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Параспорт

    Ерғали Шамей Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Қазақстан спортшылары Ерғали Шамей мен Асылан Нұрдәулетов финалда татамиге шықты. Бұл жекпе-жекте Ерғали Шамей жеңіске жетті. Сөйтіп, ол Азия Пара ойындарының чемпионы атанса, Асылан Нұрдәулетов күміс медальге ие болды. Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Еліміз сіздермен мақтанады. Қазір бүкіл ел сіздерге жанкүйер болып отыр. Алдағы турнирлерде де Қазақстан ...

    Read More »

    Параазиадада тағы бір Қазақстан спортшысы қола медаль алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы бір медаль түсті. Роман Потапов S12 санаты бойынша 100 метр қашықтықты арқамен жүзуде қола медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші — 1 минут 10.25 секунд. Алтын медальді индонезиялық Иавианда Маулана Рифки (1: 03.55) иеленді. Ираннан келген Карими Йохан Абади Мохаммад Хоссейн (1:09.05) күміс медаль иегері атанды. Осымен Қазақстан ...

    Read More »

    Гүлім Құрманбаева — Параазиаданың қола жүлдегері!

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында пара пауэрлифингтен 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен  Гүлім Құрманбаева қола медаль иегері атанды. Осымен Қазақстан Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. Оның алдында үшінші орынды пара каноэден Максим Богатырев пен Жаңыл Балтабаева жеңіп алған еді. Қазір Қазақстан спортшылары екі алтын, үш күміс және үш қола медальді иеленіп отыр. Алтын жүлдені ...

    Read More »

    IV Пара Азия ойындары: Қазақстан тағы екі жүлде алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының қоржыны тағы екі медальмен толықты. Пара каноэдан Жалғас Тайкенов 43,369 секунд нәтижесімен екінші орынды иеленсе, тағы бір спортшымыз Бибарыс Спатай жарыстың осы түрінен күміс жүлдені иеленді. Бұған дейін пауэрлифтер Давид Дегтярев алғашқы алтын медальді жеңіп алған еді. Одан кейін Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті. Оны пара дзюдодан J2 cанаты ...

    Read More »

    ІV Азия Пара ойындары: Қазақстан спортшылары 14 жарысқа қатысады (ВИДЕО)

    22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ІV Азия Пара ойындары болады. Осы жарысқа елімізден 131 спортшы қатысып, спорттың 14 түрінен күш сынасады. Олар 485 медаль үшін жарысады. Қазақстан спортшылары жарыстың пара таеквондо, пара велоспорт, пара каноэ, пара ескек есу және бочча түрінен Азия пара ойындарында алғаш рет өнер көрсетеді. Ойындардың ашылуы мен жабылуы салтанатында еліміздің туын ұстаушылар волейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері ...

    Read More »

    Парадзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

    Парадзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Азия чемпионатының командалық жарысында топ жарды. Айналмалы жүйе бойынша өткен белдесуде ел құрамалары қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Қазақстан парадзюдо федерациясының хабарлауынша, Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Өзбекстан командасын 3:1 есебімен жеңді. Альфия Тілекқабыл, Ақмарал Науатбек және Динара Кужулова құрамаға жеңіс сыйлады. Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болса, Үндістан спортшылары үздік үштікті қорытындылады. ...

    Read More »

    Азия чемпионатында Қазақстан парадзюдошылар бір-бірімен алтын жүлдеге таласты

    Астанада өткен Азия чемпионатының көру қабілеті төмен J2 ойыншыларының арасында 90 келі салмақ дәрежесінде финалға екі қазақстандық шықты. Нәтижесінде Қазақстан екі жүлдеге ие болды. Жанбота Аманжол алтын медаль иеленсе, Ғалымжан Смағұлұлына күміс жүлде бұйырды. Осы салмақ дәрежесінде Отабек Ирисбеков (Өзбекстан) және Кумар Сунил (Үндістан) қола жүлдегерлер атанды. Айта кетсек, бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Альфия Тілекқабыл жеңімпаз ...

    Read More »

    Ербол Хамитов парабиатлон бойынша әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    АҚШ-тың Солт-Лейк-Ситиде қаласының Солдат Холлоу шаңғы базасында парашаңғы және парабиатлон бойынша өтіп жатқан Әлем кубогының финалдық кезеңінде Ербол Хамитов парабиатлоннан 12,5 шақырым қашықтықта күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық дайындық орталығы» хабарлады. Ербол Хамитов 12,5 қашықтықты 42 минут 17 секундта жүріп өтіп, атыс шептерінен бірде-бір рет өтуге жол бермеді. Бұл қашықтықты ...

    Read More »

    Әлемдік гран-при:  Қазақстан алтын медаль жеңіп алды

    Равиль Мансұрбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында жеңіл атлетикадан мүгедек спортшылар арасында өткен әлемдік Гран-при сериясының F-46 класында ядро лақтырудан жеңімпаз атанды. Қазақстан спортшысы ядроны 14,43 метрге лақтырып, бірінші орыннан көрінді. Ал қытайлық Уей Енлонг ядроны 14,28 метрге түсіріп, екінші орынды иеленсе, 13,39 метрге ядро лақтырған кувейттік спортшы Алсалах Абдуллах үшінші орынды қанағат тұтты. Жарыста қазақстандық спортшылар осымен үш-медальді иеленді. ...

    Read More »

    Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында үшінші медалін иеленді

    Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 12,5 қашықтықты 41 минут 37,9 секундта жүріп өтіп, мәреге үшінші болып келді. Осы нәтижемен ол қола жүлдеге ие болды. Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41 минут 26,8 секунд уақытта мәреге бірінші болып жетсе, Германия спортшысы Скот Минах 41:32,9 уақытымен екінші орынды иеленді. Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 7,5 қашықтықта қола жүлдеге, ал ...

    Read More »