Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзу жарысының 13-15 жас және 15-19 жас аралығындағы еркін бағдарлама сайысында Даяна Жаманшалова мен Карина Магрупова үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Даяна Жаманшалова 233.5386 ұпай жинаса, Карина Магрупова 404.0525 ұпай иеленді. Су добынан Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңнің екінші ойынында Сингапур командасымен кездесіп, 16:9 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан ...
Read More »Су добы
Су спортынан АЧ: Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды. Команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева ...
Read More »Олимпиада чемпионы жаңа қызметке тағайындалды
Алматыда өткен Су спорты түрлері федерациясының конференциясында ұйымның президенті сайланып, вице-президенті тағайындалды. Жиында федерацияның президенті қызметіне Андрей Крюков бірауыздан сайланды. Сонымен қатар, федерация атқарушы комитетінің жаңа құрамы жасақталды. Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиаданың чемпионы Дмитрий Баландин федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындалды. Конференцияда бұдан былай федерацияның атауы Kazakh Aquatics деп өзгертілетіні хабарланды. Бес спорт түрін біріктірген федерация су спорты түрлерінен халықаралық қауымдастықтың мүшесі. ...
Read More »XIX Азия ойындары: Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасының қарсыластары анықталды
Қытайда су добынан өтетін Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталды. Турнир 25 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоу қаласында өтеді. Ұлттық құрама 2-7 қазан аралығында өнер көрсетеді. Жарысқа келген барлығы 8 құрама екі топта ойнайды. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Олар алдымен 2 қазанда Гонконг командасымен, 3 қазанда Жапонияның ватерполшыларымен, 4 қазанда Сингапур құрамасымен ойнайды. Одан кейін 5 ...
Read More »Су добы: Қазақстан құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды
Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. «Бече қаласында өткен жарысқа Еуропа мен Азия елдерінен 12 команда қатысты. Біздің спортшылар Испания, Германия, Сербия және басқа да мемлекеттерден келген қарсыластарынан басым түсті. Ал ұлттық құрама капитаны Егор Белоусов турнирдің үздік ойыншысы атанды. Жас спортшыларымызды осы жеңісімен құттықтаймын және оларға сәттілік тілеймін. Сондай-ақ, қажырлы еңбектің арқасында осындай жетістікке жеткен ...
Read More »Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурда өткен Азия чемпионатында Таиланд ватерполистерін ұтып, алтын медальді жеңіп алды. Бұл туралы Zakon.kz. хабарлады. Қазақстан әйелдер құрамасы құрлықтықтық чемпионатта Таиланд командасын екінші рет жеңді. Осылайша, тай қыздарын жеңген еліміздің әйелдер құрамасы қарсыластарын шаң қаптырып, мерзімінене бұрын Азия чемпионы атанды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Қазақстан ватерполшылары — Азия чемпионатының қола жүлдегері!
Таиландтың Бангкок қаласында су добынан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасы үшінші орын алды. Осы чемпионатқа Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледждің 10 «В» сынып оқушысы Егор Белоусов та қатысып, Қазақстан құрама командасына қола жүлдені сыйға тартты. Спорт ордасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ардақ Тоғымовтың айтуынша, осы ерен еңбегі үшін Егор Белоусовқа халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. «Бүгінде ...
Read More »Су добынан ерлер құрамасы — Азияның қола жүлдегері!
Таиландтта су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрама командасы да қола жүлдегері атанды. Еліміздің ерлер құрамасы Иран командасын 8:5 (1:1, 1:1, 4:3, 2:0) есебімен ұтты. Бұған дейін су добынан әйелдер құрама командасының Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғаны туралы хабарланды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Алматыда жаңа суалыбы ашылды
Елімізде су спортынан ұлттық құрама команда мен жекелеген клубтардың әлем аренасына атойлап өзін таныту үшін спорттың осы түрінен халықаралық стандартқа сай алаңдар салынуы керек. Бүгінгі күні спорт кешендері еліміздің әр аймағында көптеп ашылып жатыр. Ол әрине, қуанарлық жай, жоқ деуге аузымыз бармас. Дегенмен жасөспірім балаларды су спортына қызықтыра білуге келгенде не істеп жатырмыз? – деген сұрақты өзімізге қойып көрелік. Иә, ...
Read More »Су добының саңлағы
Қазақ спорты тарихында су добынан ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, сонар биікке шыға білген спортшылар саусақпен санарлық. Солардың бірі, бірегейі су добынан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Асқар Оразалинов. Асқардың су добы спортында жеткен жетістіктері бір түйеге жүк артқандай жетерлік. «Қасқа биеден қасқа тумаса да төбел туады», деген жақсы бір айтылған сөз ...
Read More »