Бүгін Түркістан қаласында қазақ күресінен Азия чемпионатының жалауы көтеріледі. Осы дүрмекті дода басталар алдында Qazaq Kuresi ассоциациясы Атқарушы комитетінің жиналысы болып, онда бірнеше мәселе қаралды. Атап айтқанда, қауымдастықтың жұмысының қысқаша есебі беріліп, стратегиялық бағдарын айқындап, шетелдік және облыстық федерацияларға тапсырмалар және есеп беру мерзімдері анықталды. Жиналыста Qazaq Kuresi ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов сөз сөйлеп, қауымдастықтың қызметіне есеп берді. Ол ...
Read More »Қазақ күресі
Адал еңбектің абыройы асқақ
Ел үшін еткен еңбек ешқашан елеусіз қаламайды. Әрбір салада өз ісіне адал, еңбекқор жандар әрқашанда көпшіліктің алғысына бөленіп, өз ортасына қадірлі болады. Ал спорт саласына келсек, өз ісінің маманы болып бар ғұмырын спортқа арнап жемісін, жетістігін көрген адамдарды көріп тәнті боларымыз анық. Сондай жанның бірі, бірегейі марқұм Амангелді Смағұлұлы еді. Амангелді Смағұлұлы 1941 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Сұлукөл ауылында ...
Read More »Марат Байқамұров — «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы!
Астанада Республика күніне орай Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы анықталды. Финалда 2024 жылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев пен әскер барысы Марат Байқамұров күресті. Белдесудің екінші минутында Марат Байқамұров қарсыласының осал тұсын тауып, жауырынын жерге тигізді. Бұған дейін жартылай финалда Ерасыл Қажыбаев турнирдің басты фавориты саналған «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет ...
Read More »Бота балуандардың бағын ашар турнир
Жапондар дзюдосын, кәрістер таеквондосын әлемге қалай танытқаны сияқты бізде өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі төл күресімізді төрткіл дүниеге кеңінен насихаттау жолында бар күш-жігерімізді, қолымыздан келген мүмкіндігімізді аянып қалмауымыз керек. Елімізде қазақ күресінің дамуы жолында өтетін дүбірлі жарыстар көп деп айта алмаспыз. Солардың бірі әрі бірегейі Райымбек Түкеұлы атында жасөпірімдер арасында республикалық дәстүрлі аламан жекпе-жек болып саналады. Батыр бабамыз Райымбек туған ...
Read More »Қазақ күресінен ӘЧ: Қазақстан қоржынында – 8 алтын, 6 күміс, 2 қола жүлде!
Астана төрінде тұңғыш рет өткен әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өткен бұл дүбірлі дода – тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық рух пен жауынгерлік жігердің тоғысқан шынайы мерекесі болды. Бұл чемпионат — ұлттық спортымыздың әлемдік деңгейдегі беделін айқындаған тарихи белес. Бозкілемдегі әр белдесу ...
Read More »Қазақ күресі ұлттық идеологияның алаңына айналды
Семей қаласындағы «Абай Арена» спорт кешені төрт күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген апайтөс балуандардың айқасына куә болды, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогы – биылғы ұлттық спорт күнтізбесіндегі ең тартысты жарыстардың бірі болды. Алаш арыстарының ізі қалған, хакім Абайдың қаны тамған қасиетті топырақта ұлттық күресіміздің туы қайта желбіреді. Бұл додаға еліміздің барлық өңірінен ...
Read More »Қазақ күресінен Қазақстан кубогы: Мықтылардың алды анықталды
Бүгін қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогының үшінші жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Белдесулердің нәтижесі төмендегідей: Ерлер 55 кг І орын – Қуаныш Мақсұтов (Абай обл.) ІІ орын – Архат Баймурзин (Қостанай обл.) ІІІ орын – Рузимон Тугушев (Түркістан обл.) ІІІ орын – Мақсат Төлеу (Қостанай обл.) 60 кг І орын – ...
Read More »Ақиық ақынның атындағы аламан
Алматы облысы, Нарынқол ауылында қазақ күресінен Ұлы Отан соғысына 80 жыл толуына орай және қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың атында ресубликалық жарыс өтті. Бұл турнир 2008-2009 жылы туған жасөпірімдер арасында жалауын көтерген еді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық ұлттық күресіміздің бота балуандары келіп, боз кілемде өз өнерлерін көрсетті. Тау тұлға ақынның атындағы турнир алғашқы жылдары облыстық деңгейде ұйымдастырлып келген ...
Read More »«Қазақ күресінің қара нарлары» жастарға таныстырылды
Көзі қарақты оқырман жақсы білуге тиіс, осы жылдың сәуір айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен белгілі спорт журналисі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері, Желтоқсан батыры Ақын Ордабайұлының «Қазақ күресінің қара нарлары» атты кітабының тұсаукесері өткізілген болатын. Ғибратты бөлек, тәлімі мол іс-шара қазақ күресінің рухын асқақтатып, мәртебесін тағы бір мәрте биіктеткені сөзсіз ...
Read More »«Қазақ күресінің қара нарлары» (ФОТО)
Ақын Ордабайұлының кезекті жаңа кітабы оқырманға жол тартты 2024 жылдың 27 сәуір күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мәжіліс залында белгілі спорт журналисі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, Желтоқсан көтерілісінің ардагері, «Қазақ күресіне еңбегі сіңген» орденінің журналистер арасындағы тұңғыш иегері Ақын Ордабайұлының «Қазақ күресінің қара нарлары» атты кітабының тұсаукесер таныстырылымы өтті. Іс-шараға қазақ күресінің майталмандары, елімізге ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары