• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем кубогы

    Конькишілер Әлем кубогында тарихи нәтиже көрсетті

    Осы демалыс күндері конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Канада мен Жапонияда өткен Әлем кубогы кезеңдерінде тарихи нәтиже көрсетті. Еліміздің қоржынына екі алтын, үш күміс, алты қола медаль түсіп, спортшыларымыз әлемдік рейтингте көш бастады. 2-4 ақпанда Канаданың Квебек қаласында ересектер арасында өткен Әлем кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте бақ сынап, еліміздің тарихында тұңғыш рет қола жүлдеге ие болды. Команда құрамында тәжірибелі ...

    Read More »

    Аустралияда велоспорттан Ұлттар кубогы басталды

    Бүгін Аустралияның Аделаида қаласында тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан сапынан үш спортшы сынға түседі. Олар — Рамис Дінмұхаметов, Сергей Пономарев, Андрей Чугай. Әлемдік додаға 49 елден 291 спортшы қатысады. Жарыс екі күн болады. Оған ұлттық құраманы ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Иван Сиваш бастап барды.

    Read More »

    Конькишілер Жапонияда екі медаль алды

    Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогының кезеңі болып жатыр. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, оған қатысып жатқан екі спортшымыз жүлдені жеңіп алды. 1000 метрге жарыста нео-сеньор санатында Маргарита Артемьева мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдегер атанса, Мария Кузнецова финишке үшінші болып жетіп, қола медальді иеленді. Тағы бір спортшымыз Алена Лифатова төртінші орынды қанағат тұтты. ...

    Read More »

    Қазақтың намысы басқалардан ерекше тұрады — армлифтингтен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мұрат Нұрғазин (ФОТО; ВИДЕО)

    Бүгін армлифтингтен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мұрат Нұрғазинмен кездесіп қалдық. Ойда жоқта кездестік. Бұл жігітті мен сырттай білетінмін. Расын айтқанда, онымен бірде бір рет кездеспеген едім. Енді міне, бүгін сабақты ине сәтімен дегендей, Мұрат Мырзағалиұлымен жолығудың сәті де түсті. Бұл спортшыны көп адам біле бермейтін шығар. Олай дейтінім, Мәкеңнің өзі көпшіліктің алдына көп шыға бермейді. Бұған дейін Khabar телеарнасындағы ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Никита Чирюкин — тапаншамен атудан күміс жүлдегер!

    Мысырдың астанасы – Каир қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы жолындағы турнирде 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен ату сайысында Никита Чирюкин күміс жүлдеге ие болды. Ол 31 ұпай жинады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарыста бас жүлдені Жапонияның өкілі Жонг-Хо Сонг 37 ұпай жинап, жеңіп алды. Үшінші орынды 27 ұпай алған франциялық Флориан Петер иеленді. 21 ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Әлем кубогына елімізден 15 мерген барады

    Нысана көздеуден еліміздің ұлттық құрамасы 24 қаңтар 1 ақпан аралығында Мысырдың астанасы — Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Онда әлемнің 66 елінен 625 спортшы бақ сынайды. Бұл жарыста Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар винтовкамен нысананы көздеушілер — Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле. ...

    Read More »

    Жанбота Алдабергенова Еуропа кубогының иегері атанды

    Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогы үшін жарыста Жанбота Алдабергенова жеңіске жетті. Ол 83,47 ұпай алып, алтын жүлдегер атанды. Күміс медальді канадалық Александра Монтмини, қола жүлдені америкалық Амелиа Глоговски иеленді. Жарыста тағы екі Қазақстан спортшысы Ардана Маханова 10, Аделина Өмірзақова 13-орынды алды. Бұған дейін Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлдегер ...

    Read More »

    Жанбота Алдабергенова Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдені иеленді

    Ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметі. Жанбота Алдабергенова фристайлдың акробатика түрінде өнер көрсетіп, 77.43 балл жинады. Қазақстан спортшысы тура бір жыл бұрын осында өткен 2022-2023 жылғы маусымдағы Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлде алған. Ол кезде Алдабергеноваға ...

    Read More »

    Нысана көздеу: Әсем Орынбай — Әлем кубогының иегері!

    Әсем Орынбай Катардың астанасы – Доха қаласында нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама спортшысы стенд атудың скит бағдарламасында финалға шығып, 51 балл жинады. Кьяра Ди Марциантонио (Италия) 50 нысананы дәл көздеп күміс жүлдеге ие болса, қола медаль Дания Джо Вицциге (АҚШ) бұйырды. ...

    Read More »

    Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    Бүгін Алматыда Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд атудан өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, скит бағдарламасында аралас жұптық сында Қазақстан спортшылары Италияның екінші құрамасына жол берді. Бұл жарыста Таммаро Кассандро мен Кьяра Кайнеро (Олимпиада чемпионы және күміс жүлдегері) сынға түсті. Ал қола медаль Италияның бірінші құрамасына бұйырды. Еске сала ...

    Read More »