• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Азия чемпионаты: Қазақстан балуандары 8 медаль алды (ФОТО)

    Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасының U15 грек-рим күресінің жас балуандары 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді. Атап айтар болсақ Диас Маратов (48 кг), Досбол Шәміл (57 кг) және Әбілмансұр Ахалбек (68 кг) Азия чемпиондары ...

    Read More »

    «Допты дәл бере алмадым»:  Рыбакина Уимблдондағы жеңілісі туралы

    Теннисші Елена Рыбакина өзінің Уимблдон турниріндегі кешегі жеңілісі туралы айтып берді. Оның айтуынша, тунистік Онс Жабермен ширек финалдағы матчтың қиын болған. Ойын қиын болды. Оны жасыра алмаймын.  Матчта жанкүйерлер қарсыласымды көп қолдады. Ол маған әсер еткен жоқ. Мен оған назар аудармадым. Өткен жылғы финалмен салыстырғанда, қарсыласым жақсы ойнады. Өзімде де, әсіресе, екінші сетте көптеген мүмкіндіктер болды. Алайда доп берудегі дәлдігім ...

    Read More »

    Асхат Оралов: «Лудоманиямен күрес — күн тәртібіндегі басты мәселе»

    Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат кеңесінде ойын бизнесі мәселелері талқыланды. Вице-министрлер, комитет төрағалары мен министрліктің аппарат басшысы қатысқан кеңесте министр Асхат Оралов күн тәртібіндегі басты тақырып — лудоманиямен күрестің маңыздылығын атап өтті. Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір ...

    Read More »

    Боксшы Шүменовке қатысты тергеу басталды – ІІМ

    Ішкі істер министрлігі Астанадағы MEGA SILK WAY сауда ойын-сауық орталығындағы төбелес шығарған боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты тергеу ісімен айналысып жатыр.   Еске сала кетсек, 18 маусымда Астанадағы MEGA SILK WAY СОО-дағы кафелердің бірінде боксшы Бейбіт Шүменов қоғамдық тәртіпті бұзып, сауда ойын-сауық орталығында баласын қолында ұстап отырған адамды ұрып-соққан. Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. ...

    Read More »

    Уимблдон турнирі: Қазақстан теннисшілері қомақты табыс тапты

    Қазақстан теннисшілерінің Уимблдон турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды. Теннис федерациясының хабарлауынша, жекелей сында ширек финалға дейін жеткен Елена Рыбакина 340 мың фунт стерлинг (194 075 525 теңге) тапты. Жекелей сында төртінші айналымнан аса алмаған Александр Бублик 207 мың фунт стерлинг (118 157 746 теңге) алды. Юлия Путинцева жекелей (55 мың фунт стерлинг немесе 31 394 570 теңге) және жұптық ...

    Read More »

    Алтай өлкесінің астанасы Барнауылда қазақ әні шырқалды

    Жуырда Алтай өлкесінің Барнауыл қаласында Қарағанды облысы «Тәттімбет» атындағы академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің «Ұлы Дала сазы» атты концерті өтті.  Тәттімбет атындағы академиялық оркестр әлемнің 40-тан астам елінде гастрольдік сапарда болып, әлемге танылса да Барнаулда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар» қорының ұйытқы болуымен бірінші рет өнер көрсетті. Концерттің өтуіне септігі тиген тағы бір ұйым – Алтай өлкесіндегі Қазақ ұлттық автономиясы. Автономия ...

    Read More »

    Қаймағы бұзылмаған Қосағаш (ФОТО)

    Моңғолияның Ұлан-Батыр, Налайх, Ховда, Баян-Өлгей аймақтарында болған кездесу Алтай Республикасының Қосағаш ауданында жалғасты. Орыс, алтай, қазақ халықтарының татулықты ту еткен мекенінде құрамында «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы және Парламент депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев пен Болат Керімбек пен бір топ зиялы қауым өкілдері бар ресми делегацияны Қосағаш ауданының әкімі Серікжан Мұратханұлы мен аудан мәслихатының төрағасы Санаш Дидунов шекара шебінен қарсы алып, Алтай ...

    Read More »

    ІВА құрамынан тағы екі мемлекеттің Бокс федерациясы шықты

    Жаңа Зеландия мен Аргентина Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) құрамынан шығатынын мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ пен Швейцарияның ұлттық федерациялары ІВА құрамынан шығатынын мәлімдеген болатын. Енді олардың қатарына Жаңа Зеландия мен Аргентина қосылды. Жаңа Зеландияның бокс федерациясы World Boxing ұйымына мүше болатынын да мәлімдеді. Бұл ұйым биыл Халықаралық бокс қауымдастығына балама ретінде құрылды. Маусым айында Халықаралық олимпиялық комитет басқарушылық, қаржы және этика ...

    Read More »

    Уимблдон турнирі: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады

    Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен кездесіп, алғашқы партияда 7:6 есебімен ұтса, да кейінгі екі сетте 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Енді Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Ол дүниежүзілік рейтингте ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Астана» Тбилисидің «Динамосымен» тең түсті

    Астанада футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу турнирінде «Астана» өз алаңында Тбилисидің «Динамо» командасымен кездесіп, тең түсті.   Ойынның 11-минутында «Астана»клубының  шабуылшысы Абат Айымбетов қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Одан кейін де жергілікті команда есепті еселеуге тырысты. Екінші таймда Тбилисидің «Динамосы»  құрамындағы Габриел Сигуа таразы басын теңестірді. Бұдан кейін «Астана» екінші голды салуға барынша тырысып еді. Алайда ойын соңына дейін есеп ...

    Read More »