• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Жаттықтырушы-оқытушыларға үстемақы енгізіледі

    Мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай әр категория үшін үстемақы енгізіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты. Жиында министр спорт мектептерінің педагогтері мен жаттықтырушылары үшін апта сайынғы оқу жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін азаятынын атап өтті. Сонымен бірге мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр катергория үшін ...

    Read More »

    Боксшы Жасмин Қизатова мен Гүлсая Ержан Азия чемпионы атанды

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жасмин Қизатова мен Гүлсая Ержан бас жүлдені жеңіп алды. Жасмин Қизатова 70 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Азиза Зокировамен кездесті. Бұл кездесу өте тартысты және қызықты өтті. Онда отандасымыз қарсыласына дес бермей, үш раундта да босаңсымай, 3:2 есебімен ұтты. Осы жеңіс Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде әкелді. Содан кейін ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: финалға әйелдер арасынан екі боксшы шықты

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына Қазақстан қыздар құрамасынан екі боксшы шықты. Финалда 70 кг салмақта Жасмин Кизатова өзбекстандық Азиза Зориковамен, 81 келіде Гүлсая Ержан алаң иесі Порнипа Чутимен күш сынасады. Финал 25 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады. Бұған дейін хабарланғандай, Азия чемпионатының финалына ерлер құрамасынан алты боксшы шықты. Олар ...

    Read More »

    Ербол Хамитов тұңғыш рет парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

    Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында тұңғыш рет Қазақстан спортшысы бас жүлдені жеңіп алды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Ербол Хамитов парашаңғыдан өткен жарыста мәреге 2 сағат 44,23 минутта жетіп, чемпион атанды. Осы спринт қашықтығында украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды. Осылайша, Ербол ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: финалға алты қазақ боксшысы шықты

    Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның 11 боксшысы қарсыластарымен жартылай финалда қолғап түйістірді. Бұл кездесулерде бес спортшымыз жеңіліп, қола медальды қанағат тұтты. Ал алты былғары қолғап шебері финалға шықты. Жартылай финалда Санжар Ташкенбай (48 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Абзал Серік ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Рыбакина жартылай финалда Азаренкомен кездеседі

    Теннисші Елена Рыбакинаның Аастралияның ашық чемпионатының жартылай финалындағы қарсыласы анықталды. Рыбакина  Мельбурн корттарында 2012 және 2013 жылдары екі рет жекелей сында жеңіске жеткен Беларусь спортшысы Виктория Азаренкомен кездеседі. Виктория Азаренко AusOpen чемпионатының екінші ширек финалында әлемнің үшінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуладан 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Беларусь теннисшісі  осы турнирдегі ең атақты әрі тәжірибелі спортшылардың бірі. Бір кездері ол әлемнің ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Рыбакина бүгінгі жеңісі үшін 288 млн теңге алды

    Теннисші Елена Рыбакина Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2023 ашық чемпионатында жартылай финалға шыққаны үшін қомақты ақшалай сыйлық алады. Турнир ұйымдастырушылары оған 623 500 доллар (288 млн теңгеден астам, — ред.) сомаға чек әзірледі. Егер Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының финалына жетсе, бұл сыйақы екі есеге жуық көбейеді.  Оның үстіне отандасымыз қазір Теннистен әйелдер қауымдастығының Live рейтингінде 12-орында тұр. Теннисші Australian ...

    Read More »

    Алматыдағы спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат қайта ашылды

    Алматыдағы Республикалық спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат қайта ашылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. «Министрлікке келіп түскен түйткілді мәселелерді саралап, шешу жолдарын қарастырып жатырмын. Солардың ішінде маңыздысы – Алматыдағы «Республикалық спорт колледжі» жанындағы мектеп-интернаттың жұмысын қайта жандандыруға қатысты ата-аналар мен ұстаздар тарапынан түскен өтініштер. Былтыр аталған оқу орны жабылып, дарынды оқушылар, жаттықтырушылар мен ұстаздар басқа білім беру ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Рыбакина жартылай финалға шықты

    Теннистен Австралияның ашық чемпионатының 1/8 финалында Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Свентекті жарыс жолынан шығарып тастаған соң, ширек финалда латвиялық Елена Остапенкомен күш сынасты. Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Матчта Рыбакина қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Енді Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы, Беларусьтің өкілі Виктория Азаренкомен немесе әлемнің үшінші ...

    Read More »

    Универсиада-2023: Қазақстан ойындарды 11-орынмен аяқтады

    Қазақстанның студент-спортшылары АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен ХХХI Қысқы Универсиадада 11 медаль жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан Универсиаданы жалпыкомандалық есепте 11-орынмен аяқтады. Қазақстандықтар жеңіп алған осы 11 жүлденің үшеуі алтын, төртеуі күміс және төртеуі қола. Биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков, сонымен қатар тұғырдан секіруден Данил Васильев студенттердің қоржынына жүлделерді салып берді. Күміс медальдарды Александр Мухин (биатлон), Данил Васильев пен Сергей Ткаченко ...

    Read More »