• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Таразда «Бессайыс» турнирі аяқталды

    Бүгін Тараз қаласында құсбегілер арасында тұңғыш ұйымдастырылған «Бессайыс» турнирі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Жарысқа Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысынан келген барлығы 16 спортшы қатысып, 16 бүркіт, 13 тазы, 6 ителгі, 5 қаршығамен сынға түсті. Нәтижесінде,  жеті өңірден қатысқан құсбегілер арасынан жалпыкомандалық есепте  Жамбыл облысы бас жүлдені иеленді. Жүйрік тазысы ...

    Read More »

    Регбишілерге артылған сенім

    Жыл өткен сайын Олимпиялық ойындардың тізіміне бірлі-екілі спорт түрі қосылып, жаңарады. Мысалы, Англияда сонау XIX ғасырда пайда болып, кейін Еуропада кеңінен танылған регби ойыны Рио Олимпиадасының бағдарламасына енді. Осы жаңалықтан соң, спорттың дамуына ерекше көңіл бөлетін мемлекеттер регбиден ұлттық құраманың ойыншыларын жасақтай бастады. Алысқа ұзамай-ақ қоялық, бізде де спорттың осы түріне мейлінше жасөспірімдерді тартуға басымдық берілді. Негізі регбиден  ел чемпионаты ...

    Read More »

    Түркістан облысында атақты көкпаршының турнирі өтеді

    2019 жылғы 26 қазан мен 2 қараша аралығында атақты көкпаршы, КСРО чемпионатының 9 дүркін чемпионы, командалық көкпар ойынының негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Дауылбаевтың турнирі өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. Көкпардан жастар арасындағы республикалық ашық турнир Түркістан облысы, Шымкент қаласындағы атшабарда тамашаланады. Даңқты көкпаршы атындағы жастар турниріне еліміздің көптеген өңірінің командалары қатысады. Еске сала өтелік, Әбілхан Дауылбаевтың турнирі бұған ...

    Read More »

    Таразда тұңғыш «Бессайыс» басталды

    Бүгін Тараз қаласының іргесінде Жамбыл облыстық спорт басқармасы мен Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен құсбегілер арасындағы тұңғыш «Бессайыс» бәсекесі басталып, ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады. «Бессайыс» бәсекесі тамашаланатын жер – Жамбыл облысы, Бектөбе ауылындағы атшабар (Тараз қаласының аумағы). Бессайыс шарты – әр құсбегіде бүркіт, қаршыға, ителгі мен тазы ит болуға тиіс. Сондай-ақ құсбегінің өзі аударыспақ жекпе-жегіне шығады. ...

    Read More »

    Алматыда студенттер академик Садықовты еске алды

    Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан «Спартак» стадионында жоғары оқу орындары арасында шағын футболдан 26 жыл Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің ректор болған, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылым мен техника саласына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Тоқмұхамет Сәлменұлы Садықовты еске алуға арналған жарыс жалауын көтерді. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің ұйытқы болуымен  көп ...

    Read More »

    Бердіқұлов байқауы басталды

    Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті журналистер арасында қоғам қайраткері, публицист, қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдахмет Бердіқұловтың атындағы байқаудың болатынын хабарлады. Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық — орыс тілінде шыққан материалға белгіленген. Үміткерлер әлем және Азия чемпионаттарына, әлем ...

    Read More »

    Спорт академияның спортшылары сыннан сүрінбеді

    Қазан айы қоржынымыз медальға толып, жүлде жинадық. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының спортшылары бірнеше ірі халықаралық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанды, жүлдегер болды. Күні кеше Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер және жастар арасында Азия Кубогы өткен болатын. Аталған додада академияның спортшылары бақ сынап, жақсы өнер көрсетті. Жастар арасында жарыс жолына шыққан Жанасыл Әнуаров 73 килода, қыздар арасында Зарина Сарипова ...

    Read More »

    Оңласын атбегі өмірден озды

    Жетісу өңіріне атбегілік өнерімен танымал болған Оңласын қария   фәниден бақиға аттанды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Саналы ғұмырын асыл тұқымды жылқы бағумен өткізген тәжірибелі атбегі, кәнігі шабандоз туралы кеңінен сөз қозғауды алдағы күндердің еншісіне қалдырдық. Ал,  Жетісу өңіріне есімі мәшһүр Əбіқай Жапаров, Нəркен Қалыбеков сынды атақты атбегілерден тәлім алған Оңласын ақсақалдың өнегелі өмірі ықшамдай айтқанда төмендегідей өріледі. Оңласын  САТЫБАЛДЫҰЛЫ – ...

    Read More »

    Атырауда «Дарабоз – 2019» турнирі аяқталды

    Атыраудың Талдыкөл елдімекені аумағында өткен «Алтын тұлпар» аламан бәйгесімен қатар ұлттық спорт түрлерінен «Дарабоз-2019» турнирі  өтті, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығы. 11-12 қазан күндері Махамбет ауданындағы Талдыкөлдің төсін дүбірлеткен «Дарабоз-2019» турнирі атыраулықтардың аса қызыға тамашалаған спорттық жарысы болды.  Жайық жағасындағы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жарыс  алаңына халық молынан жиналды. Ұлттық спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, бәйге түрлерінен және қазақы тазы ...

    Read More »

    «Алтын тұлпар – Жайық жағасындағы» аламан бәйге аяқталды

    «Алтын тұлпар»  алғаш рет  Атыраудың төсін бір дүбірлетті. Бесінші мәрте ұйымдастырылған 51 шақырымдық ат жарысын тамашалау атыраулықтарға бұйырды.  Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы мен Атырау облысы әкімдігі және Ұлттық спорт қауымдастығының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен аламанда он екі өңірдің қырыққа жуық жүйрігі бақ сынады. «Nur Otan» партиясы мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен бәйгенің бас жүлдесі 10 млн ...

    Read More »