Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте жарыстың басты фавориті саналып отырған Сергей Карякинді жеңді. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ресейлік шахматшы әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар. Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Ол ...
Read More »Басты тақырып
Australian Open-2023: финалда Елена Рыбакина мен Арина Соболенко кездеседі
Теннисші Елена Рыбакина Австралия-2023 Ашық чемпионаты финалында Беларусьтің өкілі, әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі. Рыбакина жартылай финалда Соболенконың отандасы Виктория Азаренконы жеңген еді. Ол 1 сағат 41 минутқа созылған матчта қарсыласын 7:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Ал Арина Соболенко жартылай финалда Польша теннисшісі Магда Линетті 7:6, 6:2 есебімен ұтты. Соболенко мен Рыбакина арасындағы финал 28 қаңтарда, Астана уақыты бойынша ...
Read More »УЕФА Суперкубогының финалы Ресейде өтпейтін болды
Еуропаның футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) биылғы жылғы Еуропа суперкубогы Ресейде өтпейтінін ресми түрде мәлімдеді. УЕФА-ның Атқарушы комитеті Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпазы арасындағы матч Татарстанның астанасы Қазан қаласынан Грекирның астанасы Афинада болатынын хабарлады. Еуропа суперкубогы үшін ойын 16 тамызда «Олимпиакос» клубының стадионы «Георгиос Карайскакис» алаңында өтеді. 2020 жылы 2 наурызда Амстердамда өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысынан кейін Қазан қаласы ...
Read More »Рыбакина Australian Open финалына шыққаны үшін 524 933 623 теңге тапты
Теннисші Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының финалына шыққаны үшін 524 933 623 теңге табыс тапты. Жекелей сында финалға шыққаны үшін теннисшіге 1,12 млн доллар беріледі. Рыбакинаның жұптық сында ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге 1/8 финалға жеткені белгілі. Бұл үшін екеуіне 47 мың доллар тең бөлінеді. Сонда әрқайсысына 23 500 доллардан тиеді. Бәрін есептегенде Рыбакина қазірдің өзінде 1 млн 143,5 мың доллар көлемінде табыс ...
Read More »Ресей мен Беларуське Азия ойындарына қатысу ұсынылды
Азияның Олимпиада кеңесі Ресей мен Беларусь еліне 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайда өтетін Азия ойындарына қатысуды ұсынды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды. «Азияның Олимпиада кеңесі спортты жер-жүзін біріктіретін күші бар екенін айтап отырып, барлық спортшының ұлты мен төлқұжатына қарамастан жарыстарға қатысатын мүмкіндігі болуы керек деп есептейді. Ұйым Ресей мен Беларусь спортшыларына Азияда өтетін жарыстарға, оның ішінде Азия ойындарына қатысуды ...
Read More »ITF W40 турнирі: Қазақстан теннисшілері ширек финалға шықты
Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирде әлемдік рейтингте 483-орында тұрған Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова (585 WTA) жұптық сында ширек финалына шықты. Отандамстарымыз жапониялықтар Эрина Хаяши мен Саки Имамураны 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Енді Жібек пен Гөзал жартылай финалға шығу үшін өзбекстандық Нигина Абдураимова мен тайбэйлік Ен-Шу Лангпен кездеседі. Жекелей сында теннисшілеріміз екінші айналымнан аса алмады. Тағы бір ...
Read More »Ұры боксшының үйінен ақша толы сөмкелерін алып кеткен
Бокстан IBA, WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипованың үйіне ұры түсті. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қылмыс сәтінде үй ауласында жүрген белгісіз ер адам видеоға түсіп қалған. Алайда ол капюшон киіп алғандықтан, кім екені әлі белгісіз. Осыдан бір күн бұрын Фируза Шарипова Малавиядан келген Рут Чисалемен өтетін жекпе-жекке дайындалу үшін Таиландтағы оқу-жаттығу жиынына аттанған. Боксшының үйіне ұры түнде ...
Read More »Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы биылғы жылға жұмыс жоспарын бекітті
Астанада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының алқа отырысы өтті. Жиынға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, қауымдастық президенті Исламбек Салжанов және ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіретін федерациялардың басшылары қатысты. Кездесуде қауымдастықтың биылға арналған даму стратегиясы мен жұмыс жоспары таныстырылып, бекітілді. Алқа отырысында сөз сөйлеген мәдениет және спорт министрі Ұлттық спорт түрлерінің барлық қазақстандық үшін ерекше маңызы бар екенін атап өтті. ...
Read More »Australian Open-2023: Рыбакина финалға шықты
Теннистен Австралияның ашық чемпионатының 1/4 финалында отандасымыз, Уимблдон — 2022 турнирінің чемпионы Елена Рыбакина латвиялық Елена Остапенкомен кездесіп, оны 6:2, 6:4 есебімен жеңген соң, жартылай финалда әлемнің 18-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы Беларусьтің өкілі Виктория Азаренкомен күш сынасты. Рыбакина мен Азаренко осыған дейін былтыр АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен турнирде кездескен еді. Сол кезде Рыбакина қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен ...
Read More »Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атағын жеңіп алды
Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай 48 кг салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Ол финалда Өзбекстан өкілі Шодиержон Меликузиевпен қолғап түйістіріп, оны айқын басымдықпен ұтты. Сөйтіп, төрешілердің шешімі бойынша Санжар Тәшкенбай халықаралық жарыста тағы да құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол бұған дейін де ересектер арасында Азия чемпионы болған. ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары