• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығына Дәулет Тұрлыханов лайық! – Садық Мұстафа

    Белгілі спорт маманы, дзюдо, қазақ күресі, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы,  «Құрмет» және «Парасат» орденінің иегері Садық Мұстафа Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне атақты балуан, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күресі федерациясының басшысы Дәулет Тұрлыхановтың лайық екенін айтып, көпшіліктен әйгілі спортшыға таңдау жасауды өтініп, үндеу жолдады. Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың орнына әуесқой және ...

    Read More »

    Ангелина Лукастың келесі қарсыласы белгілі болды (ВИДЕО)

    Боксшы Ангелина Лукастың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды. Ол 29 ақпанда Таиландтың астанасы – Бангкокта Кадесара Джадпакдимен жекпе-жекке шығады. Достар, 29 ақпанда менің жекпе-жегім Бангкокта болады. Қарсыласым — таиландтық Кадесара Джадпакди.  Оның кәсіпқой рингтегі — рекорды 7-3-0. Алда мені 8 раундтық маңызды рейтингтік жекпе-жек күтіп тұр. Мен тек жеңіске жетуге бел байладым. Бұл карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек. Себебі, бірнеше ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

    Теннисші Елена Рыбакина Катардың Доха қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен ойнап, кортта алғаш рет кездесті, деп хабарлады RRaketkasi. Канадалық теннисші матчты жақсы бастап, 4:1 есебімен алға шықты. Дегенмен бұдан кейін Рыбакина қатарынан бес геймді алып, есепті 6:4-ке жеткізді. Екінші сетте Рыбакина есеп 3:2 болған кезде брейк ...

    Read More »

    АҚШ-тағы парадта атыс болды (ВИДЕО)

    АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында футболдан Super Bowl лигасының жеңімпаз командасының құрметіне өткен шеруде атыс болып, бір адам қаза тапты. 22 адам жарақат алды, деп хабарлады CNN. Атыс Юнион Стэйшн вокзалының жанында болды. Бір адамның қаза тапқаны расталды. Оқтан зардап шеккендердің жалпы саны 22-ге жетті, — деп айтты қалалық полиция басшысы Стейси Грейвс. Gun Violence Archive ұйымның мәліметіне сілтеме жасаған телеарнаның хабарлауынша, ...

    Read More »

    «Жоқ нәрсені бар деу қателік»: Тамара Дүйсенова облыстағы спортты сынады

    Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Туризм және спорт министрлігінде өткен дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісінде спорт саласын одан әрі дамытуға қатысты бірнеше тапсырма берді. Үкімет басшысының ооынбасары дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуда халықаралық спорт ұйымдарының тез өзгеретін талаптарын ескере отырып, ...

    Read More »

    Олиимпиадаға 90 лицензияны алуға күш саламыз – Елсияр Қанағатов

    Туризм және спорт министрлігінде дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісі болып жатыр. Оған премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысуда, деп хабарлады ведомство. Жиынды ведомство басшысы Ермек Маржықпаев ашып, министрліктің былтыр атқарған жұмысы мен алдағы жоспары туралы айтып берді. Ол ел абыройын асқақтатар елеулі ...

    Read More »

    Рыбакина Доха турнирінде тағы да жеңіске жетті

    Теннисші Елена Рыбакина Катардың Доха қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл жарыста Рыбакина үшінші ракеткасы болып тіркеліп, үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 23-орында тұрған америкалық 22 жастағы спортшы Эмма Наварромен кездесті. Оның алдында ол қытай теннісшісі Чжу Линьді жеңіп, ¼ финалға жолдама алған болатын. Ал Наварромен ойында Рыбакина матчты жақсы бастап, бірінші партияда 5:0 есебімен алға шығып, ...

    Read More »

    Елена Рыбакина қытайша құттықтау айтты (ВИДЕО)

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина барша теннис жанкүйерін қытай тілінде Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Биылғы Жаңа жыл мерекесі Қытай Халық Республикасында 10 ақпанда келді. Ол 24 ақпанға дейін жалғасады. Менің аты-жөнім – Елена Рыбакина. Барша теннис жанкүйерін келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат және өмірде сәттілік тілеймін!, — деді ол. ...

    Read More »

    Магомед Адиев Қазақстан азаматтығына қатысты ойын айтты

    Футболдан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы, ресейлік маман Магомед Адиев әлі Қазақстан азаматтығын алатын ойы жоқ екенін ашып айтты. Ол Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчтар аяқталған соң, Қазақстан футбол федерациясынан келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс түспесе, өз Отаны – Ресейге қайтып кететінін жасырмады. Оның айтуынша, бар мәселе Қазақстан азаматтығын алуға тіреліп тұрған жоқ. Ол Қазақстанды Еуро-2024 турниріне шығарып, отандастарымызға үлкен сый ...

    Read More »

    Теннисші Жібек Құламбаева ITF турнирінің ширек финалына шықты

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландта өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Құламбаева жарыста 4-ракетка болып тіркеліп, Таиландтың өкілі Ланлана Тарраудимен бірге алғашқы айналымда үнді Лил Десаи мен ресейлік Анастасия Сухотинаны жеңді. Матч екі сетке созылып, 6:1, 7:5 есебімен Құламбаева – Таррауди тандемінің пайдасына шешілді. Енді олар жартылай финалға шығу үшін тайбэйлік Я Син ...

    Read More »