• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Көкпардан Қазақстан чемпионаты аяқталды (ФОТО)

    Қостанай қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қостанай облысының әкімдігі ұйымдастыруымен көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің 15 өңірінен келген 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер командалары өзара ең мықтыны анықтады. Алты күн бойы Қостанай атшабарын додаға айналдырға дүбірлі жарыста ұлттық ойынның жаңа да жас буыны қалыптасқаны анық көрінді. Чемпионатта ...

    Read More »

    Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын құрама анықталды

    14-20 тамызда Иорданияның астанасы – Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл дүрмекті додаға әйелдер күресінен де Қазақстан құрамасы қатысады. Қазақстан құрамасының тізімі төменде жарияланып отыр. 50 кг — Лаура Ғаниқызы; 53 кг- Алтын Шағаева; 55 кг — Зейнеп Баянова; 57 кг — Шұғыла Өмірбек; 59 кг — Мәдина Аман; 62 кг — Тыныс ...

    Read More »

    ТМД II ойындары: Қазақстанның еркін күрес шеберлері төрт жүлде алды

    Беларусь елінде өтіп жатқан ТМД ІІ  ойындарының алтыншы күні еркін күрестен ел қоржынына 4 төрт жүлде түсті. Солигорск қаласында өткен еркін күрестен 57 келіде сынға түскен Ерасыл Мұхтарұлы финалда ресейлік балуан Начын Монгуштан ұтылып, күміс жүлдегер атанды. 79 келідегі Арсен Өміржан да финалда ресейлік Магомед Магомаевтан жеңіліп, күміс медальге  ие болса, 86 кг салмақтағы Мақсат Сатыбалды финалда әзербайжан балуаны Арсений ...

    Read More »

    Еуропа лигасы: «Астана» «Лудогорецті» ұтты (ВИДЕО)

    Футболдан UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу турнирінде «Астана» клубы Болгарияның «Лудогорец»  командасымен кездесіп, 2:1 есебімен ұтты. Бұл матчта бірінші болып «Лудогорецтің» ойыншылары есеп ашты. 34-минутта Болгария клубының шабуылшысы Ноа Сундберг нысананы дәл көздеді. Одан кейін 40-минутта Жарко Томашевич таразы басын теңестірді. Осы жерде айтатын бір нәрсе, «Астана» өз алаңында бірінші болып қақпасына гол жіберіп алса да «психологиялық соққыдан» өздеріне тез ...

    Read More »

    Әлем чемпионатына грек-рим күресі құрамасы жасақталды

    14-20 тамызда Иорданияның астанасы — Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионаты грек-рим күресінен ұлттық құрама да жасақталды. Бұған дейін оқырманның назарына әлемдік додада ел намысын қорғайтын Қазақстанның еркін күрес құрамасын таныстырыған болатынбыз. Енді назарларыңызға грек-рим күресі балуандарының тіізімін ұсынамыз: 55 кг — Исхар Құрбаев (Алматы облысы); 60 кг — Сайфулла Құрман (Ақтөбе облысы); 63 ...

    Read More »

    Күрестен әлем чемпионатына еркін күрестен құрама бара жатыр

    14-20 тамызда Иорданияның астанасы — Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл дода негізі Польшаның астанасы — Варшава қаласында өтуі керек болатын. Алайда Польша елі спортшылардың қауіпсіздігіне кепілдік бермегендіктен Біріккен күрес әлемі (UWW) 21 жасқа дейінгі спортшылардың басты додасын Иорданияның астанасы — Амман қаласына ауыстыруға шешім қабылдады. Бұл жолғы дүбірлі додаға 672 балуан қатысып, ...

    Read More »

    ТМД II ойындары: Қазақстан қоржынына 1 күміс, 3 қола жүлде түсті

    Беларусь Республикасында өтіп жатқан ТМД ойындарының бесінші күні Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан 1 күміс және 3 қола жүлдені иеленді. Күміс жүлдені 600 метрге жүгіруден 1,25,56 уақытпен Дмитрий Спаский алса, Ангелина Шрубянец 60 метрге кедергілермен жүгіруден 9,18 уақытпен және ұзындыққа секіруден Андрей Ким 5,97 көрсеткішпен қола жүлдегер атанды. Сонымен бірге жарыста 4х200 метр аралас эстафетадан құрамында Юлия Демкина, Ангелина Шрубянец, Андрей ...

    Read More »

    ХХХІ Универсиада: Қазақстан спортшылары табыспен оралды

    Қытайдың Ченду қаласында ХХХІ жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Дүниежүзілік ойындарға ел намысын спорттың 11 түрінен 93 спортшы студент қорғады. 118 елден келген 7500 спортшы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс және 11 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 20-орыннан көрінді. 2019 жылы Италияда өткен Универсиадада отандастарымыз 1 алтын, 5 күміс және 1 қола жүлдемен 25-орын алып еді. Биыл ...

    Read More »

    ТМД II ойындары: әйелдер күресінен құрама анықталды

    13 тамызда Беларусьтің Солигорск қаласында ТМД II ойындары аясында әйелдер күресінен өтетін сында ел намысын қорғайтын балуандарымыздың есімдері белгілі болды. Бұл сында әйелдер күресінен ұлтттық құрама 10 салмақ дәрежесінде күреседі. 50 келі салмақта Камила Апекова, Мәдина Жеңісқызы (53 кг  ), Айнұр Әшімова (55 кг ), Асылзат Сағымбай (57 кг ), Гүлдана Бекеш (59 кг ),  Жангүл Болд (62 кг ), ...

    Read More »

    Ресейдің тағы бір спортшысы Қазақстан азаматтығын алды

    Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Ресейдің бұрынғы мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкинаның Қазақстан азаматтығын алғанын растады. ІІМ басшысы Үкімет кулуарында БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында спортшының еліміздің азаматтығын жалпы тәртіппен алғанын айтты. Жақында спортшы Самоделкина Қазақстан азаматтығын жалпы тәртіппен алды. Өйткені, оның анасы – Қазақстан азаматы, — деді Марат Ахметжанов. Мәдениет және спорт министрі ...

    Read More »