• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Қазақстан мен Ресей хоккейшілері төбелесті (ВИДЕО)

    Санкт-Петербург қаласында хоккейден Қазақстан мен Ресей құрамаларының ойыншылары Бейбарыс Оразов пен Андрей Матюшинмен жаға ұстасып,  төбелесіп қалды. Бұл матчта 20 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Ресейдің 18 жасқа дейінгі командасынан үлкен есеппен жеңілді. Ойын аяқталар кезде Оразов Матюшинмен шекісіп, оны соқының астына алды. Жалпы, хоккейде төбелестер жиі болып тұрады. Хоккей тарихындағы ең ірі төбелес 1987 жылы КСРО мен Канада жастар құрамалары ...

    Read More »

    «Алтын доп» сыйлығы УЕФА-мен бірігіп тапсырылады

    France Football журналы «Алтын доп» сыйлығын Еуропаның футбол қауымдастықтары одағымен (УЕФА) бірігіп тапсыратын болады. Бұған дейін 2010 мен 2016 жылдары жылдың үздік футболшысына берілетін сыйлық Халықарылық футбол федарациясымен (ФИФА) бірігіп тапсырылған болатын. Енді УЕФА Еуропаның үздік футболшысы сыйлығын бермейтін болып шешілді.  Оның орнына France Football журналы мен УЕФА ерлер және әйелдер арасында үздік атанған футболшы мен жаттықтырушыға жаңа аталымдар ұсынады. ...

    Read More »

    Астанада Қазақстан футболының музейі ашылды

    Астанада Қазақстан футболының 110 жылдығына орай отандық футболды насихаттау мақсатында Қазақстан футболының музейі ашылды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Іс-шараға «Астана» футбол орталығының тәрбиеленушілері, қазақ футболының ардагерлері, отандық футбол клубтарының жетекшілері, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев пен ұлттық құрама команданың ойыншылары Бауыржан Исламхан мен Ян Вороговский қатысты. Музейді құруға атсалысқан ұжым 1913 жылы Семейде бастау алған Қазақстан футболының ...

    Read More »

    Боксшы Алдияр Баһадүр Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Астанада бокстан жастар және жасөспірімдер ерлер және қыздар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 48 келі салмақтағы Алдияр Баһадүр құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол финалда Түркіменстан боксшысы Санжар Хамраевты 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Бұған дейін жасөспірім боксшылар арасында 2004 жылы Самат Бәшенов Азия чемпионы болған еді. Ол Қазақстан тарихындағы бірінші Азия чемпионы чемпион атанды. Одан кейін 2017 ...

    Read More »

    Қазақ балуаны UWW шешімімен қазан айының үздік спортшысы атанды

    Бүкіләлемдік күрес ұйымы (United World Wrestling — грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы, — ред.) қазан айының қорытындысы бойынша үздік балуандарды анықтады.  Ерлер арасында қазақ балуаны Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен айдың үздік спортшысы атанды. Ол жақында Албанияның астанасы – Тирана қаласында өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта чемпион атағын жеңіп алды. Сөйтіп, Сұлтан ...

    Read More »

    ҚФФ ALAÑ жобасы бойынша алғашқы футбол алаңын ашты

    Ақтөбе қаласындағы №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңы қайта жаңғыртылды. Жобаның негізгі мақсаты – футбол инфрақұрылымының сапасын арттыру және бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Жаңартылған алаңның ашылуына Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев пен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов қатысты. Еске сала кетсек, биыл Қазақстан ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Қазақстан үш алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде алды

    Астанада бокстан жастар және жасөспірім ерлер мен қыздар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасында жүлде алған  боксшылардың есімі белгілі болды. Жасөсіпірім қыздар арасынан Аяжан Сыдық 54 келі салмақта Өзбекстан өкілі Зухро Рустамованы 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. 60 кг салмақта Толғанай Қасымхан чемпион болды. Ол Үндістан боксшысы Чиром Жойшери Девидтен барлық раундта үстем болып, 4:0 есебімен жеңді. 63 ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: әлем чемпионының інісі Төрехан Сабырхан финалға шықты

    Астанада бокстан жастар және жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалистері анықталды. Жастар арасында санатында Боранбек Бексұлтан (48 кг), Бахтияр Анарбаев (60 кг), Төрехан Сабырхан (63,5 кг), Нұрбек Мурсал (67 кг), Ислам Советов (71 кг), Алдияр Абдиллаев (75 кг), Дәулет Төлемісов (80 кг), Виктор Литвинов (86 кг), Нұржан Думан (92 кг), Иван Ермоленко (+92 кг). Бұл санатта Қазақстаннан — 7, ...

    Read More »

    ҚПЛ-2024: келесі маусымға қатысатын клубтар белгілі болды

    Футболдан 2024 жылы Қазақстан премьер лигасына қатысатын командалар белгілі болды. Биыл ҚПЛ-да ойнаған клубтарға бірінші лигада алғашқы үш орынды алған клубтар қосылды. Сонымен мына командалар Қазақстан премьер лигасынның келесі маусымында ойнайтын болады: 1.«Ордабасы» (Шымкент) 2.«Астана» 3.«Ақтөбе» 4.«Қайрат» (Алматы) 5.«Қызылжар» (Петропавл) 6.«Қайсар» (Қызылорда) 7.«Атырау» 8.«Тобыл» (Қостанай) 9.«Мақтаарал» (Түркістан облысы) 10.«Шахтер» (Қарағанды) 11.«Жетісу» (Талдықорған) 12.«Елімай» (Семей) 13.«Тұран» (Түркістан) 14.«Жеңіс» (Астана) Осы маусымның ...

    Read More »

    Жауынгерлік өнер ойындары Қазақстан үшін табысты аяқталды  

    Сауд Арабиясының астанасы — Ар-Рияд қаласында V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Он бір күннің ішінде 16 спорт түрінен 1500-ден астам атлет 954 медальді өзара сарапқа салды. Оның 259-ы алтын, 259-ы күміс жүлде болса, қалған 436-сы қола медаль болды. Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс пен 23 қола ...

    Read More »