• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Дзюдодан Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

    2-3 желтоқсанда Жапонияның астанасы – Токио қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі болады. Оған 88 елден 527 дзюдошы қатысады, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Турнирде ел намысын мына спортшылар қорғайды: Ерлер: -60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов -66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрзат Сәлімбаев -73 кг: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов -81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мусаев -90 кг: Айдар Арапов, Ермахан ...

    Read More »

    Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ведомство. Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған. Әр жылдары бокстан жаттықтырушы-оқытушы, Петропавл қаласы БЖСМ нұсқаушысы, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеген. 2011-2012 жылдары —МСМ Спорт комитеті ...

    Read More »

    Талғат Ешенұлы «Айқын-Литер» ЖШС-нің директоры болды

    Талғат Ешенұлы «Айқын-Литер» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек «Айқын-Литер» ЖШС ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Талғат Ешенұлы 1996-1997 жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінде, 1997-1998 жылдары «Жас алаш» республикалық газетінде тілші, қоғамдық-саяси бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1998-2004 жылдар аралығында Ақпарат министрлігінде, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. 2004-2005 жылдары «Жас алаш» ...

    Read More »

    УЕФА «Тобылды» Еуропа жарыстарына қатыстырмауы мүмкін (ВИДЕО)

    Қостанайдың «Тобыл» футбол клубында проблема болуы мүмкін. Бұл туралы клубтың экс-директоры Андрей Канчельскис айтты. Ол жақында клубтың тең төрағасының шешімімен отставкаға жіберілген болатын. Канчельскис – Ресейдің азаматы. Ол клубтың директоры болып 4 ай жұмыс істеді. Оның клубпен келісімі биылғы жылдың соңына дейін есептелген еді. Енді ол «Тобыл» клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, 23 қарашада ресми түрде отставкаға кетті. Осыған байланысты Канчельскис басшылықтың шешімімен ...

    Read More »

    Өзбекстанда этникалық қазақ бокстан ел чемпионы атанды

    Өзбекстанда бокстан ел чемпионаты аяқталды. Осы додада 63,5 келі салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп жүрген этникалық қазақ Руслан Абдуллаев чемпион атанды. Бұл туралы мәлімет Өзбекстан бокс федерациясының сайтында шықты. 28 қарашада Ташкенттегі «Универсал» спорт кешенінде бокстан Өзбекстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері болды. Өзбекстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен өткен ел чемпионатына 13 салмақ дәрежесінде былғары қолғап шеберлері күш сынасты. Онда Шодиержон Меликузиев (48 кг), Азизбек Жалилов ...

    Read More »

    УЕФА Конференция лигасы: «Астана» мен «Динамо Загреб» кездеседі

    Ертең футболдан УЕФА Конференциясы лигасының кезекті матчтары болады.  Онда сегіз топқа бөлінген Еуропа елдерінің 32 клубы 5-турдағы ойындарын өткізеді. «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» клубымен кездеседі. Бұл командалар С тобында ойнайды. Олардан басқа топта Чехияның алаңында «Виктория Пльзень» мен Косовоның «Балкани» командалары бар. Қазір турнир кестесінде чехиялық команда 4 ойыннан кейін 12 ұпай жинап, көш бастап келеді. Олар бірде-бір ...

    Read More »

    Бұлай болмауы керек еді… — Серік Абдрахманов «Төрт ағайындының» бірі туралы

    Қоғам қайраткері Серік Абдрахманов жақында фәниден бақиға аттанған «Төрт ағайындының» бірі Еркін Ізбасардың қазасына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына және басқа да жақындарына көңіл айтты. Серік Абдрахманұлы Еркін Ізбасардың фәнидегі жақсы жағын еске алды. Ол марқұмды Желтоқсанның қаһарманына теңеп, оны ұлт намысын қорғаған азамат деп атады. 80-жылдардың ортасында, — деді ол, — Еркін Ізбасар Алматы зооветеринарлық институтының студенті бола жүріп, ...

    Read More »

    Таэквондошы Жансель Дениз Гран-придің финалына шықты

    2-3 желтоқсан аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында таэквондодан биылғы жылғы Гран-придің финалы болады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл бәсекеде Олимпиада бағдарламасына кіретін 8 салмақта 38 мемлекеттен жиналған 128 таңдаулы спортшы жүлдеге таласады. Яғни, әр салмақта 16 даянг шеберінен. Бастысы, мұндағы ұпайлар Париж ойындарына бару мүмкіндігін жақындата түседі. Қазақстан атынан Манчестерге тек бір ғана таэквондошы ...

    Read More »

    Ермек Маржықпаев ауыр атлетикадағы допинг мәселесімен күресуді тапсырды

    Туризм және спорт министрі Ауыр атлетика федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Жиында федерация өкілдері спортшылардың Азия ойындарындағы өнерін қорытындылап, ауыр атлетика спортын дамыту жоспарымен таныстырды, деп хабарлады ведомство. Ханчжоудағы Ойындарда Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері небәрі 1 қола медаль олжалап, жарыс алдында алған міндеттемелерін орындай алмады. Қытайдағы додаға дейін олар 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алуға уәде берген ...

    Read More »

    Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы талқыланды

    Астанада Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын болды, деп хабарлады ведомство. Сонымен қатар іс-шарада келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы талқыланды. Төл спортымызды дәріптеуге арналған басқосуға Ұлттық және ат спорты орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, Ұлттық спорт ...

    Read More »