• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Алматыда үш жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады (ФОТО)

    Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада үш жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады. Олар Медеу ауданының «Алатау», Алатау ауданының «Зерделі» және Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын аудандарында бой көтереді. Алғашқы екеуі қараша айында, ал «Жас Қанаттағы» нысан жыл соңына дейін тапсырылады. Үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің әрқайсысы адамның санына қарай есептелген. Мысалы, «Алатау» және «Жас Қанат» шағын ...

    Read More »

    Бұл матчта үш ұпай үшін жан алысып, жан берісеміз – Магомед Адиев

    Бүгін Астана уақытымен сағат 22.00-де футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Финляндия командасымен ойнайды. Матч Хельсинки қаласында болады. Кеше ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Финляндияға ойынды ақпараттық жағынан қолдау мақсатында барған БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, матч туралы пікір білдірді. – Магомед Мұсаұлы, еліміздің бас командасының Дания құрамасынан жеңілгеннен кейін функционалдық және эмоционалдық жағдайы ...

    Read More »

    Биыл Рыбакина 2 млрд 200 млн теңге табыс тапты

    Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның биылғы табысы туралы мәлімет жариялады. Елена Рыбакина биыл 4,6 млн АҚШ доллар (шамамен 2 млрд 200 млн теңге) табыс тапты, — деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. Сонымен бірге хабарламада табысы ең жоғары он теннисшінің тізімі жарияланды. Бұл тізімде бірінші орында Беларусь өкілі Арина Сабаленко келеді. Ол биыл  7,3 ...

    Read More »

    Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәдениетіміз бен мұрамыздың арасындағы алтын көпір — министр

    Туризм және спорт министрі Берік Маржықпаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесіп,  кеңес өткізді. Кездесуде ойындарды ұйымдастыру жұмысы талқыланып,  жарыстың стратегиясы жасалып, қарастырылды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәдениетіміз бен мұрамыздың арасындағы алтын көпір. Келесі жылы елімізде тұңғыш рет бірегей спорттық іс-шара- Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осы орайда дүниежүзілік ойындарды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кеңес өткіздім. Мемлекет басшысы ...

    Read More »

    Теннисші Ясмин Дюсембаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Теннисші Ясмин Дүйсембаева Испанияның Санта Понса қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Ясмин финалда Болгарияның өкілі Майя Михованы 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Ұлдар арасында тағы бір теннисшіміз Ахмади Маханов финалға дейін жетіп, корт иесі Томас Мартинден 1:6, 1:6 есебімен жеңілді. Ал жұптық сында Ахмади Балқан Нұрдәулетпен бірге ...

    Read More »

    «Жаңа жұлдыз»: Ксения Балабаева шахматтан әлем чемпионы атанды

    Италияның Пула қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасында əлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыста шахматтың блиц түрінен өткен сында отандасымыз 18 жастағы Ксения Балабаева чемпион атанды. Əмина Қайырбекова күміс жүлдеге ие болды. Екі шахматшы да 8,5 ұпайдан жинап, жарысты тең аяқтады. Тек қосымша көрсеткіштер бойынша Ксения Балабаева басымдыққа ие болып, алтын медаль алды. Бірнеше күн бұрын рапидте чемпион болған Говхар ...

    Read More »

    «Мен — чемпионмын» дегеннің бәрін нокаутқа жіберемін — Жәнібек Әлімханұлы

    Жақында АҚШ-тың Розенберг қаласында германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекте IBF чемпионы атағын жеңіп алған боксшы Жәнібек Әлімханұлы енді WBC пен WBA белбеулері үшін шаршы алаңға шығатынын мәлімдеді. Қазір қазақ боксшысында осы жеңістен кейін Бүкіләлемдік бокс ұймының (WBO) пен Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпионы деген атақ бар. Енді ол Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) мен Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) үздік боксшысы атанғысы келетінін ...

    Read More »

    Қанат Ислам Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)

    Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Спортшы Instagram-да жариялаған видеосында елімізде соңғы үш жылдан бері бірде бір рет кәсіпқой бокстан жекпе-жектердің болмағанын, сол себепті мемлекет басшысынан бокс кешін ұйымдастыруға көмек сұрайтынын айтты. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Менің есімім – Қанат Ислам, кәсіпқой боксшымын. Біз, «Қазақ промоушн» промоутерлік компаниясы 2016 жылдан бері елімізде кәсіпқой бокс кештерін ұйымдастырып келеміз. Солкезден бері шаршы ...

    Read More »

    IV Азия пара ойындары: Қазақстан спортшылары Қытайға аттанды

    Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасын IV Азия пара ойындарына ресми шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Сары құрлықтың басты бәсекесі 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында болады. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарысқа еліміздің атынан 131 атлет қатысады. Олар 14 спорт түрінен, яғни пара жеңіл атлетика, бочча, пара пауэрлифтинг, шахмат, пара жүзу, пара велоспорт, пара дзюдо, пара каноэ, волейболды ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтиеримен болған жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады. Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!, — деп жазды мемлекет басшысы ...

    Read More »