• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футзал

    Әлемдегі ең егде футболшы Еуропада ойнағысы келеді

    55 жастағы жапониялық футболшы Кадзуеси Миура Португалияның екінші дивизионындағы «Оливейренсе» клубымен қысқа мерзімді келесімшартқа отырды. Бұл туралы Nikkan Sport хабарлады. Мируа клубтың инфрақұрылымын көруге Португалияға барып та үлгеріпті. Ал келісім келесі жылдың қаңтарына дейін жасалған. Содан кейін Кадзуеси қайтадан Жапонияға оралып, «Йокогама» командасына қосылады. Миура — әлемдегі жасы ең үлкен футболшы. Ол 1990-2000 жылдары Жапония құрамасында ойнаған. Сонымен бірге футзал ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» чехиялық клубтан жеңіліп қалды

    Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық айналымында Алматының «Қайрат» клубы Чехияның «Хрудим» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Кездесуде Алматының команда бірінші таймда есеп ашуға тырысты. Дегенмен гол сала алған жоқ. Екінші таймда да шабуылға жиі шығып, гол сала алмады. Керісінше, бұл жолы чехиялық клубтың жолы болып, қарсыластардың қақпасына бірінгі болып доп соқты. Ойынның 22-минутында Марко Радованович есеп ашты. Одан кейін 24-минутта ...

    Read More »

    «Қайрат» мальталық клубпен тең түсті

    Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық айналымында Алматының «Қайрат» клубы Мальтаның «Люксол Сент-Эндрюс» командасымен кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті. Кездесуде командалар бір-бірінің қақпасын аңдып, қауіпті шабуылдар жасады. Алайда, одан еш нәтиже болмады. Бірінші таймда қарсыластар гол сала алмады. Екінші таймда да жағдай осылай болды. «Қайрат» ойын тізгінін өз қолына алуға тырысып, қауіпті соққылар жасап көріп еді, одан нәтиже шықпады.  Жанкүйерлер матчтың соңына ...

    Read More »

    Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Черногорияны ірі есеппен ұтты

    Алматыда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы болды. Онда Қазақстан құрамасы Черногория командасымен кездесіп, 7:0 есебімен ұтты. Бұл матчта голдарды Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4), Арнольд Кнауб (15), Альберт Ақбалықов (21), Біржан Оразов (25, 25) пен Азат Валиуллин (40) салды. Осылайша, Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің бесінші тобындағы бірінші орнын сақтап қалды. Қазір еліміздің ұлттық құрама ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» элиталы раундқа жолдама алды

    УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі сатысында «Қайрат» пен «Аят» қорытынды матчтарын өткізді. Бірінші топтағы матчта «Қайрат» Францияның «Спортинг Париж» клубын 3:2 есебімен ұтып, турнирдің элиталық сатысына жолдама алды. Кездесуде «Қайрат» сапынан Дәурен Тұрсағұлов 2-минутта есеп ашса, Кайо Руис 24-минутта екінші голды салды. Ал Диего Фаверо 29-минутта үшінші голдың авторы атанды. Одан кейін «Спортинг Париж» командасы «Қайраттың» қақпасына екі доп соқты. Осыған дейін «Қайрат» Испанияның «Пальмасымен» 2:2 тең ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Аят» күтпеген ойын көрсетті

    Алматының футзалдан «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында екінші кездесуін өткізіп, тағы да жеңіске жете алмады. Бұл жолы алматылықтар Испанияның Пальма-де-Мальорка қаласының «Пальма» командасымен ойнап, 2:2 есебімен тең түсті. Матчтың 9 минутында Дуглас Жуниор өз қақпасына доп соқты. Содан кейін араға 10 минут салып Дәурен Тұсағұлов есепті теңестірді. Кездесудің 36-минутында Шыңғыс Есенаманов гол салып, «Қайратты» алға шығарды. Алайда негізгі уақыттың бітуіне 1 минут ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Аят» төбе көрсетті

    Футзалдан Алматының «Қайрат» пен Рудныйдың «Аят» клубы биылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізді. «Қайрат» командасы өз алаңында Бельгияның «Халле-Гооик» клубымен кездесті. Матч 2:2 есебімен аяқталды. Кездесудің төртінші минутында алаң иелері алға шықты. Есепті Франко Еловчич есепті ашты. 17- минутта «Қайраттың» ойыншысы Кайо Лавратти Руиз есеп теңестірді. Екінші таймның 31-минутта алаң иелері тағы бір гол салды. Диого голдың авторы ...

    Read More »

    Тарландарға тағзым

    Бүгін Алматы қаласындағы «Тұлпар» ипподромының спорт залында футзалдан қаламгерлер арасында қазақ журналистикасында көрнекті із қалдырып, елге танылған Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітхан мен Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық жарыс өтті. Бұл жарысты айтулы  атшабардың директоры, ауыр атлетикадан әлем чемпионы, Алашқа аты мәлім ұлтжанды азамат Жасұлан Қыдырбаев ұйымдастырды. «Өлі разы болмай тірі байымайды»,  демекші  аттары аталған ел құрметтеп ардақтаған асыл азаматтарды ...

    Read More »

    Бір атаның балалары футбол ойнайды

    Бүгін Тараз қаласындағы «Тараз арена» спорт кешенінде футзалдан дәстүрлі «Бір атаның балалары футбол ойнайды» жарысы басталды. Бұл туралы осы жарыстың негізін қалаған белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп Жүнісбайұлы хабарлады. –Жарыс пандемияға байланысты екі жыл үзілістен кейін өткізіліп жатыр. Осы доданы ұйымдастыруға атсалысқан Жамбыл облыстық спорт департаментіне ризамыз. Бұл жарыстың мәні мен маңызы өте зор. Осы жерден Жамбыл Көкеев ...

    Read More »

    Астанада футзалдан «NUR-SULTAN» кәсіпқой клубы құрылады

    21 қазан күні сағат 11:00-де  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде футзалдан «NUR-SULTAN» кәсіпқой клубының тұсаукесер рәсімі өтеді, деп хабарлады қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен   елордамызда тұңғыш рет футзалдан «NUR-SULTAN» кәсіпқой клубы құрылды. Клубтың негізгі мақсаты — халыққа бұқаралық спортты насихаттау. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында футзалмен 70 000-нан  аса бала айналысса, 100-ге жуық жеке және мемлекет тарапынан қаржыландырылатын ...

    Read More »