11-12 наурыз аралығында Хорватияның Загреб қаласында жастар арасында дзюдодан Еуропа кубогы үшін турнир өтті. Турнирде Қазақстан командасы медальдік кестеде бесінші орын алып, 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Загребтегі татамиде әлемнің 35 елінен 800-ден астам жас дзюдошылар бақ сынасты. Қазақстаннан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) кубоктың иегері атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) турнирдің күміс ...
Read More »Tag Archives: Дзюдо
Дзюдошы Данияр Шамшаев күміс жүлдегері атанды
Бүгін дзюдошы Данияр Шамшаев (73 кг дейін) Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Үлкен дулыға турнирінің күміс жүлдегері атанды. Финалда ол татами иесі Муроджан Юлдошевке есе жіберді. Шамшаев жартылай финалда швейцариялық Нилл Штамптың жауырынын жерге тигізсе, ширек финалда түркиялық татами шеберінің жолын кесті. Ал іріктеуде француз Аксус Бенджжамин мен қырғыз Шыңғисхан Сагиналиевтің адымын аштырмады. Кеше 60 келіге дейінгі салмақта ...
Read More »Астанада дзюдодан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирі өтеді
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Халықаралық дзюдо федерациясының (International Judo Federation, IJF) бас директоры Влад Маринескумен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Басқосуда тараптар биыл жазда астанада дзюдодан Grand Slam әлемдік сериясының кезеңін өткізу мәселесін талқылады. Ақпан айында дзюдо федерациясы мен IJF ұйымы 2023-2026 жылдары Grand Slam сериясының 12 кезеңінің біреуін елімізде өткізу туралы төртжылдық келісімшартты ...
Read More »Тұлғаны еске алу турнирі
«Жақсы адам ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы», деген екен дана халқымыз. Қазақ спортының дамуына зор үлесін қосқан тау тұлғалы азаматтар көп екенін білеміз. Солардың ішінде басшылық қызметте жүріп, қолынан келген жақсылығын қазақ спортының өркендеуіне, кешенді ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлесін қосқан ірі тұлғаның бірі — Каркен Ахметұлы Ахметов деп айтар едік. Ол кісінің Қазақ КСР Министрлер Кеңесіндегі Спорт комитетінің ...
Read More »Елімізде дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді
Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) елімізде әлемдік Grand Slam турнирін өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды. Францияның Париж қаласында өткен Grand Slam турнирі аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми кездесуі болды. Кездесуде Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев екіжақты келісімшартқа қол қойды. Келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam турнирін 2023-2026 жылдар ...
Read More »«Еуропа аруы» атанған Әйгерім Әбілқадырова қарсыласын неге тістеп алғанын ашып айтты
Францияның астанасы Парижде өткен Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінде Әйгерім Әбілқадырова спортқа жат әрекетімен көзге түсіп, қарсыласының аяғын тістеп алған болатын. Осы оқиғаға байланысты спортшы мұндай қадамға неліктен барғанын айтты. «Барлық диван сыншыларына жауап берейін. Париждегі Grand Slam турнирінде мен бельгиялық спортшымен күрестім. Ол менің шынтақ буынымды тартып, ауырту әдісін жасады. Мен берілгенімді білдіріп, белгі бердім. Бірақ бельгиялық спортшы ...
Read More »«Еуропа аруы» атанған Әйгерім Әбілқадырова қарсыласының аяғын тістеп алған (ВИДЕО)
Дзюдодан Парижде өткен Grand Slam турнирінде Әйгерім Әбілқадырова қарсыласының аяғын тістеп алды. 52 кг салмақта сынға түскен Әйгерім бірінші айналымда бельгиялық Шарлин ван Сникке есе жіберіп алды. Ол дзюдода өте қиын саналатын қылғындыру әдісіне түсіп қалған. Айгерім ауыртатын әдіске түсіп, шамасы, бельгиялықты тістеп алған сияқты. Бұл Париждегі «Үлкен дулыға» турнирінде болды, — деп жазды «Спорт Шредингера» Telegram арнасы. Әйгерім Әбілқадырова ...
Read More »Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлемдік Grand Slam жарысына қатысады
Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлемдік Grand Slam жарысына қатысады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлады. Францияның астанасы Париж қаласында 4-5 ақпан күндері дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді. Оған әлемнің 85 елінен келген 500-ден астам балуан қатысады. Халықаралық жарысқа еліміздің атынан 14 салмақта 28 дзюдошы татамиге шығады. Ерлер: 60 кг: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев 66 кг: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев 73 ...
Read More »Әлемдік турдың гран-при финалында екі қазақ күш сынасты
Португалияның Алмада қаласында әлемдік турдың гран-приінде атыраулық дзюдошы Әбиба Әбужақынова алтын медаль жеңіп алды. Бір қызығы, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда екі қазақстандық бір-біріне қарсы бақ сынады. Сол сәтте Әбиба Әбужақынова Ғалия Тынбаевамен кездесіп, вадза-ариді бағалауға лақтыру арқылы жеңіске жетті. Қазақстандық спортта әйелдер арасында мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Спортшыларға медальдарды халықаралық дзюдо федерациясының бас директоры Влад Маринеску ...
Read More »Дзюдо федерациясы үздік балуандар мен бапкерлерге 20 млн теңге табыс етті
Қазақстан дзюдо федерациясы үздік балуандар мен жаттықтырушыларға 20 млн теңге табыс етті. Кездесуде әлем чемпионатының жүлдегерлері 4 млн теңгеден, Азия чемпионы 2 млн теңгеден, құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдегері 700 мың теңге сыйақы алды. Ал қола жүлдегерлер жарты миллион теңгеден және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері 400 мың теңгеден иеленді. Ақшалай сертификаттар Қазақстан құрамасының жаңа маусым қарсаңында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиынында табыс ...
Read More »