Грекияның Афина қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында Семей спорт академиясының шәкірті Қуандық Стамполов 90 кило салмақ дәрежесінде күміс медаль алды, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. Шетелге жастар құрамасын аға жаттықтырушылар Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев бастап апарып келді. Наурыз айында Атырау қаласында дзюдодан 1999 – 2001 жылдары туған жастар арасында өткен Қазақстанның жекелей чемпионатында да Қуандық ...
Read More »Tag Archives: Дзюдо
Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Атырау қаласында дзюдодан 1999 – 2001 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстанның жекелей чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. 2 наурыз күні басталған ел додасына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 14 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатысты. Үш күнге созылған жарыста Алматы қаласының құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. Ал Атырау облысының ...
Read More »Алматыда жапондар жастарды дзюдодан жаттықтырады
Қазіргі таңда бүкіл әлем халқы дзюдо күресін жақсы біледі. Өйткені, айтулы жекпе-жек түрінен Олимпиадалық, әлемдік, еуропалық және көптеген дүниежүзілік жарыстар үзбей өткізіліп келеді. Егер дзюдоның түпкі тарихына үңілсек, бұл күрес түрі алғашында ұрыс өнері ретінде бастау алғанын білеміз. Бұл жекпе-жек Жапонияда XIX ғасырдың аяғында дүниеге келген. Ел ішіндегі дүмпуден самурайлардың жағдайы тығырыққа тіреледі. 1871 жылы самурайлардың қынабына қылыш қыстырып жүруіне ...
Read More »Семейде Халық қаһарманына құрмет көрсетілді
Жыл сайын Тәуелсіздік мерекесінде Семейдің спорт академиясының ұйымдастыруымен еліміздің енді буыны бекіп келе жатқан жас балуандарының басын қосатын жарыс өтеді. Олай дейтініміз, Семей спорт академиясында дзюдо күресінен Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы турнир өткізу дәстүрі қалыптасқан. Биыл да білгеннен жаңылмай, мереке күні Семей төріне кілем төселді. Мұзда жанған алау Қайраттың құрметіне арналған республикалық ашық турнирде он сегіз бен жиырма жастағы ...
Read More »Қазақ палуандары Польшадан жүлдемен оралды
Польшаның Олесница қаласында дзюдо күресінен өткен Еуропа кубогы үшін жарыста Қазақстанның намысын қорғаған 11 палуанның арасынан К.Ахметов атындағы мектеп-интернаттың төрт бірдей өрені жеңіс биігіне шығып, Қазақстанның командалық бірінші орынды жеңіп алуына зор үлестерін қосты. Енді жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтарымыздың есімдерімен таныстырсақ. Қос бірдей алтын жүлдені ел қоржынына салып берген 60 кг салмақта Біләл Болат мен 90 кг ауыр салмақта күрескен ...
Read More »Олимпиада чемпионы Бекарыс Сәдуақас туралы бір үзік сыр
Биыл Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында жасөспірімдер арасындағы Жазғы Оимпиада ойындары өткізілді. Ол алдымен 2010 жылы Сингапурде, сосын 2014 жылы Нанкинде жалауы желбіреп, үшінші мәрте ұйымдастырылды. Бұл жарыста дзюдо күресінен алтын жүлдені Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің оқушысы Бекарыс Сәдуақас жеңіп алып, Қазақстанның атын атойлап шығарды. 6-18 қазан аралығында өткен аламан сайысқа 206 мемлекеттен 3998 саңлақ спорттың 32 ...
Read More »Грузияда дзюдодан дүрмекті дода басталды
30 наурыз – 1 сәуір аралығында Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі өтеді. Жарысқа Қазақстаннан 21 дзюдошы қатысады. Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан — Рустам Ибраев (60 кг), Бауыржан Жауынтаев (60 кг), Бауыржан Сағынғалиұлы (66 кг), Қайрат Ағыбаев (66 кг), Азамат Мұқанов (73 кг), Азиз Қалқаманұлы (81 кг), Қажымұқан Өтеулиев (81 кг), Сұңғат Закарияев (-90 кг), Жасұлан Мұхаметханов (-100 ...
Read More »Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Бүгін Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының құрылғанына 5 жыл болды. 2012 жылдың қараша айында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған конфедерация құрамына еліміздегі ең жақсы дамыған бес спорт түрі енді. Осы жылы бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика, қазақ күресі бір шаңырақтың астына бірігіп, конфедерацияның арқасында жаңа даму деңгейіне көтерілді. Бес жылда отандастарымыз спорттың ...
Read More »Аққыстау ауылына шетелдің палуандары жиналды
Атырау облысы, Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында дзюдо күресінен осы ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Бақтығали Ғұбайдуллинді еске алуға арналған 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир өз мəресіне жетті. Əзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен жəне еліміздің түкпір-түкпірінен келген үш жүзге жуық палуан өзара мықтыны анықтады. Турнирді ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медальдар мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Мұсағали ...
Read More »Атырауда ардагерін ұлықтаған жарыс жалауын көтерді
Атырау облысы, Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында дзюдо күресінен Исатай ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Бақтығали Ғұбайдуллинді еске алуға арналған 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир басталды. Турнирге Əзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан жəне еліміздің түкпір түкпірінен келген 200-ге жуық жас палуан 10 салмақ дəрежесінде сынға түсуде. Дүбірлі жобаның ашылу салтанатын аудан əкімі Марат Мурзиев құттықтау сөзбен ашып берді. Одан ...
Read More »