• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Астанада дзюдодан Қазақстан чемпиондары анықталып жатыр (ВИДЕО)

    Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты болып жатыр. Жарыстың екінші күнінде ерлер – 73, 81, әйелдер – 57, 63 және 70 кг салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Чемпионаттың екінші күніндегі ерлер бәсекесінде Маңғыстау облысының қос спортшысы – Асқар Нарқұлов (73 кг) пен Мейірлан Максим (81 кг) жеңіс тұғырына көтерілсе, әйелдер арасында Ақтөбе облысының өкілі Бақыт Құсақбаева (57 кг), Атырау облысының спортшысы Эсмигул Куюлова (63 кг) және Алматы облысының балуаны Екатерина Токарева (70 кг) өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанды.

    Айдар Арапов 90 келіге дейінгі салмақта Ермахан Әнуарбековты жеңіп, бас жүлдені иеленді. Одан кейін Аруна Жангелдина да 78 келіге дейінгі салмақта ел чемпионы болды.

    Қазақстан чемпионатының марапаттау рәсіміне Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

    Дзюдодан Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен келген 463 спортшы қатысып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Отандық спортта әділ бәсекелестік қағидатын орнату керек» деген тапсырмасына сәйкес, биылғы чемпионатқа шетелден арнайы 3 тәуелсіз төреші шақыртылды. Чемпионат қорытындысы бойынша дзюдодан 2024 жылғы ұлттық құрама жасақталады. Барлық спортшыға сайыста сәтті өнер көрсетуіне шын жүректен тілектеспін! Байрақты бәсекеде ең мықтылар жеңіске жетеді деп сенемін, — деді Ермек Маржықпаев.

    Чемпионат 15 қарашаға дейін жалғасады.

     

     

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam)

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *