• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Алматы облысы

    Балғын боксшылар Шелекте шиыршық атты

    Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында бокстан жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтіп жатыр. Төрт күнге ұласқан дүбірлі доданың финалдық сайыстары бүгін болады. Кикбокстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропаның екі дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, әлем кубогының иегері даңқты спортшы Елмұрат Қайыпжановтың жүлдесіне арналған ашық турнирге Түркістан облысынан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы облысының аудандарынан келген боксшылар қатысып, сайыс көрігін қыздыруда. Турнирді ...

    Read More »

    Салбурын – 2019: Ақсудағы аңшылар аламаны

    «Ахау, жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы, Жігіттің бұған құмар өнерпазы», – деп ән орындала қалса, делебең қозып, сонау бағзы заманның сал-серілері көз алдыңа келіп, шіркін, біздің саятшылар осылай күй кешкен екен ғой деп тамсанасың. Расында да, тамаша емес пе? Кешқұрым бес қаруын асынып, қолындағы қыранмен, жетегіне ерткен тазысымен, саятшылықтан алған олжасын қанжығасынан шешіп, киіз үйдің босағасына байлап, аңшылықтан оралып жатқан ...

    Read More »

    Сағадат батыр сайысында сайыпқырандар сынға түсті

    Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде джиу-джитсудан турнир өтті. Жыл сайын қоңыр күзде  ұйымдастырылатын додаға биыл Қырғызстанның Ош облысынан және Бішкек қаласынан да спортшылар келіп бақтарын сынады. Бұдан бөлек  «International Sagadat batyr jiu-jitsu kids cup-2018» турниріне еліміздің әр облысынан және Алматы, Талдықорған қаласынан да командалар қатысты. Халық қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовтың есімімен аталатын  «Sagadat batyr» клубының басшысы, ...

    Read More »

    Алматы облысында қазақ күресінен дәстүрлі турнир жалғасын тапты

    Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде қазақ күресінен Райымбек Түкеұлын еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті. Биыл да өз жүлдесін тапқан республикалық жарысқа еліміздің әр облысынан, Алматы, Шымкент қаласынан 20-дан аса команда қатысты. Осымен он жетінші мәрте ұйымдастырылған турнирге төселген қос кілем үстінде екі күн бойы 2002-2003 жылы 400-ге жуық туған жас өскін балуандар барын салып белдесті. Он ...

    Read More »