Соңғы жылдардағы статистика тез дайындалатын кеспенің (ТДК) танымалдылығының артуын көрсетеді. Жыл сайын бүкіл әлемде адамдар осы өнімнің 100 миллиардтан астам порциясын жейді. Қазақстан да осы тенденция аясында. Nielsen Kazakhstan деректеріне сәйкес, Қазақстандағы ТДК нарығының өсуі 2022 жылы 12% — дан асты. Соңғы 4 жылда Қазақстанда тез дайындалатын кеспені тұтыну 76%-ға өсті. Ең жақсы өсім оңтүстік және батыс аймақтарда тіркелді, сәйкесінше ...
Read More »Tag Archives: Алматы
«Динамо» кубогын қаламгерлер командасы жеңіп алды (ФОТО, ВИДЕО)
Алматыдағы «Динамо» стадионында шағын футболдан тартысты бір тамаша турнир болып өтті. Жарыстың ашылу салтанатыннан кейін 6 команда екі топқа бөлініп, екі алаңда ойындарын қызу бастап кетті. «А» тобында «Қаламгер»,» Қазақ радиосы», «Динамо ардагерлері» клубтары алаңға шықса, «В» тобында «Қазақстан ұлттық арнасы», «Алатау ақпарат» және «ҚР Ішкі істер академиясы» командалары тартысты ойындарын өткізді. Полиция қызметкерлері мен БАҚ өкілдері мерекесіне орай «Динамо» ...
Read More »«Қайрат» футбол клубы Боранбаевтың иелігінде қала ма?
«Қайрат» футбол клубы 8 жылға сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың меншігінде қала береді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлады halyq-uni.kz. Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев футбол клубының жұмыс істеп тұрғанын айтты. «Қайрат» футбол клубы әзірге коммуналдық меншікке берілмейді. Басқа шешім, оның ішінде сот шешімі, меншік иесі тарапынан басқа да бастама көтерілмеді. Қазір өздері қаржыландырып жатыр, әкімдік ...
Read More »Алматыда шахматтан Азия чемпиондары анықталды
Алматыда шахматтан Азия чемпионаты аяқталды. Оның жабылу салтанаты Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болды. Қазақстан шахмат федерациясы хабарлауынша, жарыста өзбекстандық гроссмейстер Шамсиддин Вохидов «Азияның шахмат королі» атанды. Ирандық гроссмейстер Бардия Данешвар күміс медальді иеленді. Ал Қазақстан құрамасынан ала тақта додасына қатысқан Әлішер Сүлейменов қола жүлдеге ие болды. Төртінші орынды Үндістаннан келген гроссмейстер Абхиманью Пураник алды. Әйелдер арасында «Азияның шахмат тәжін» ...
Read More »Алпыстың асқарындағы Желтоқсан батырларының аламаны
Жақында Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен ғасырлар бойы Алаш жұрты арман еткен ел тәуелсіздігіне қол жеткізген, тарих бетінде өшпес із қалдырған Желтоқсан ардагерлері арасында «БӘРІН ДЕ КӨРДІҢІЗДЕР, СІЗДЕР АЛПЫСҚА КЕЛДІҢІЗДЕР» айдарымен волейболдан Алматы қалалық турнирі өткізілді. Жарыс алаңында тек қана Желтоқсан ардагерлері шығып, жеңіс үшін бар шеберліктерін көрсетті. Желтоқсан ардагерлері арасындағы аламан жарыс Алматының Ұлжан шағын ауданында орналасқан № ...
Read More »Әсем Орынбай стенд атудан Әлем кубогын жеңіп алды
Алматыда стенд атудан ұлттық құраманың мүшесі Әсем Орынбай Әлем кубогының иегері атанды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Әсем Орынбай скит бағдарламасында қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда негізгі кезеңде 60 рет нысана көздеген соң үндістандық Ганемат Секхонмен 50 ұпайдан тең түсті. Қосымша мүмкіндікте қазақстандық спортшы екі мәрте мүлт кеткен жоқ. Ал қарсыластың жүйкесі сыр беріп, бір рет ...
Read More »Қайрағы мықты қайратты жастар
Ел спортының ертеңі жалынды жастарымызға тікелей байланысты. Спорт мектептерінде шыныққан жас буынды қазақ елінің әлемдік жарыстарында туын жықпай тұғырдан көрсететін жарық жұлдыздары деп сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда Қазақстанның әр аймағында Балалар мен жасөспірімдердің, Олимпиадалық орталықтардың қатары көбейе түскеніне қуануымыз керек. Өйткені, ауыл спортынан қанаттары қатайған таланттар кәсіби жолдағы жеңісті жолдарын жалғастыру үшін арнайы мектеп-интернаттарға келіп түсіп жаттығуының орны бөлек. ...
Read More »«Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы жансақтау бөлімінде жатыр
Алматының «Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев Қазақстан премьер-лигасы матчында «Ақтөбемен» болған ойында ауыр жарақат алып қалды. Бұл жайт Қазақстан премьер-лигасы матчының 9-кезеңінде болған. Буранчиев «Ақтөбе» футбол клубының шабуылдаушысы Элдер Сантанамен соқтығысып, есінен танып қалған. Қазір оған ота жасалды. Арсен Буранчиевке ота жасалды. Біздің ойыншы доп үшін таласта ауыр жарақат алып, шұғыл ауруханаға жеткізілді. Қазір Арсен жансақтау бөлімінде жатыр. ...
Read More »Алматыда әріптестеріміз Амангелді Сейітхановты еске алды (ФОТО)
Алматыда осымен екінші рет белгілі спорт комментаторы, ақын, сөз зергері Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған шағын футболдан респубикалық турнир болып өтті. Бізде былтырғы өткен жарыстағыдай бір команда сайлап апарып аламан журналистер жарысына қосылған едік. «Спорт журналистері» деген атпен сынға шыққан менің командам тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жарыс басталғаннан бастап көрерменді өзіне бірден баурап алды. Командамыздың құрылуына ұйытқы болып шапқылап, жас ...
Read More »Алматыдағы марафонда тағы бір адам қайтыс болды (ВИДЕО)
Жақында Алматыда өткен «Тенгри Ультра» марафонға қатысқан 41 жастағы азамат мәреге санаулы метр қалғанда қайтыс болған еді. Ол осымен жарысқа төртінші рет қатысқан көрінеді. Қайтыс болған азамат денсаулығына қатысты шағым айтпапты. Осы оқиғаға байланысты 24.kz марафонды ұйымдастырушылар мен дәрігерлердің жүгіру жарысына қатысқан азамат туралы пікірлерін жариялады. Дәрігерлердің айтуынша, марафон талаптарын күшейту қажет. Себебі, жыл сайын жүгіру жарысында кемінде бір адамның ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары